Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Цифрлық штаб: Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін басым бағыт IT-салаларының тізбесі кеңейтіліп, Alem.cloud жұмыс ережелері қабылданды
Басты жаңалықтар

Цифрлық штаб: Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін басым бағыт IT-салаларының тізбесі кеңейтіліп, Alem.cloud жұмыс ережелері қабылданды

20.10.2025228 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жедел әрі жүйелі түрде жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Штаб бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруға, креативті индустрияны дамытуға, IT-стартаптар мен жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.

Мемлекеттік органдарға келесі тапсырмалар берілді:

  • Қаржы, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,  «Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі» корпоративтік қорын өңірлік инновациялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде нығайту үшін 2025 жылғы 10 қарашаға дейін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтсін.
  • Азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке мобилді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салуы және олардың тек eGov және Aitu платформаларында жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
  • Alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығында есептеу ресурстарын бөлу қағидалары бекітілсін, содан кейін тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленсін. Ғылым және жоғары білім министрлігі қолданыстағы тетіктер шеңберінде ЖОО-ларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.

***

Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесіне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды. Бұдан басқа, аталған тізбе ҚР резиденті еместерге бағдарламалық қамтуды пайдалана отырып, бизнес-процестер аутсорсингі, ағылшын тілін оқыту сияқты қызметтермен толықтырылды. Қызметтер аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қоғамдастықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейте түседі.

Ыңғайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервистер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Интеграция мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырады.

Alem.cloud суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарын бөлу ережелерін бекіту Astana Hub стартаптары, ғылыми ұйымдар мен университеттер, мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ шетелдік компанияларды қоса алғанда, жеке сектор жобалары үшін жоғары өнімді қуаттарға қол жеткізудің нақты әрі айқын тетігін қалыптастырады.

Alem.cloud қуатын пайдалануға берудің басым бағыттары жасанды интеллекттің ұлттық даму міндеттерін ескере отырып анықталады және білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, мемлекеттік басқару, мұнай-газ саласы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, геологиялық барлау, көлік және логистика, өнеркәсіп, құрылыс, робототехника және тағы да басқа салаларды қамтиды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

02.11.2026839 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.20263 918 Views

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

28.10.20266 372 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.