Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»2,3 мың адам арнайы орталықтарда өздерінің біліктілігін растады
Жаңалықтар

2,3 мың адам арнайы орталықтарда өздерінің біліктілігін растады

20.10.2025144 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылы 2,3 мың адам кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту мүмкіндігін пайдаланды. Бұл рәсім ресми емес және (немесе) информалды білім беру арқылы алынған білім мен дағдыларды растап, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Біліктілікті тану кәсіби стандарттарға негізделіп жүзеге асырылады және үміткердің нақты кәсіпке қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіптік біліктілікті тануға арналған Кәсіптер тізілімі мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескеріле отырып, экономика салалары бойынша іріктелген 749 кәсіпті қамтиды. Соның ішінде 134 кәсіп бойынша біліктілікті тану міндетті түрде жүзеге асырылады, ал 615 кәсіп бойынша – ерікті негізде өткізіледі.

Ерікті түрде біліктілікті тануға өтініштер Ұлттық біліктілік жүйесінің Career Enbek цифрлық платформасында рәсімделеді. Сондай-ақ осы платформада кәсіптік біліктілікті тану орталықтарының бірін таңдап, рәсімнен өтуге болады.

Бүгінгі таңда Career Enbek платформасында ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, қонақ үй бизнесі және басқа да салалар бойынша 63 кәсіпті (ерікті түрде расталатын) қамтитын 9 тану орталығы аккредиттелген.

Жұмыссыз азаматтарға кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен тегін өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін үміткер Career Enbek платформасында Тізілімнен бір кәсіпті және қолайлы тану орталығын таңдап, өтініш беруі қажет. Оң шешім қабылданған жағдайда үміткердің жеке кабинетінде 45 күнтізбелік күн ішінде қолдануға болатын электрондық ваучер пайда болады.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіптік біліктілікті тану орталығының желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл соңына дейін Eurasian Resources Group компаниясымен бірлесіп, халықаралық стандарттарға негізделген және тиісті тану рәсімдерін енгізуді көздейтін 3 орталықты Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын 10 бірқатар ірі компаниялармен және қауымдастықтардың базасына енгізу мақсатында («Allur», «Qaz Textile Industry», «Qarmet», «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтомПром», «Қазақмыс», «Қазақтелеком», «ҚазақстанТемірЖолы», KazGROW, HR сертификаттау орталығы және т.б. секілді) машина жасау, энергетика, металлургия, көлік және логистика, мұнай-газ химиясы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңа орталықтардың құрылуы ресми емес және (немесе) информалды білім беру арқылы алынған біліктіліктерді объективті бағалауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыскерлердің дағдыларының жұмыс берушілердің талабына сай екендігін, соның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауға мүмкіндік береді және олардың жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026281 Views

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views
Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.