Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Еліміздің өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда
Жаңалықтар

Еліміздің өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

23.10.2025261 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылғы көктемгі су тасқынының ықтимал қаупінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды қорғау мақсатында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде инженерлік-техникалық шараларды белсенді түрде дайындау және жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Алматыда су тасқынына қарсы қорғанышты күшейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоба аясында Үлкен Алматы, Қарғалы, Сапожникова өзендері мен Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 37,3 км болатын төрт су нысанын реконструкциялау және абаттандыру жүргізілуде. Сонымен қатар тағы екі өзеннің 17,5 км учаскесінде құрылыс-монтаж мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Осы шаралардың мақсаты су тасқынына төзімділікті арттыру, өзендердің экологиялық жағдайын жақсарту және іргелес аумақтарды абаттандыру. Жұмыстар кезең кезеңімен бекітілген мерзімдер мен құрылыс нормаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Ақмола облысында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді жоспар аясында инженерлік іс-шаралар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Құжатта су тасқыны қаупін азайту және елді мекендер мен өңірдегі автожол учаскелерін қорғауға бағытталған 226 іс-шара көзделген. Негізгі жұмыстар су тасқынынан қорғайтын үйінділерді тұрғызу және нығайту, арналар мен арықтарды тазарту, кеңейту және тереңдету арқылы олардың өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ су өткізу құрылыстары мен көпірлерді ауыстыру және жөндеу сияқты бағыттарды қамтиды. Бүгінгі таңда облыста 167 іс-шара аяқталды, 37-сі белсенді іске асырылу сатысында, ал 22-сі бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысында кешенді іс-шаралар жоспары мен инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді. Су басу қаупін азайту мақсатында ұзындығы 30 км қорғаныш бөгендері мен біліктері нығайтылды, 2 км су бұру арналары салынды және жөнделді, 29 су өткізу құбыры орнатылып, қалпына келтірілді. ТЖД қызметкерлері су тасқыны қаупі бар елді мекендерге шығып, жағдайды бақылауда. Мониторинг кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) белсенді түрде қолданылып, нысандардың жағдайы жедел тіркеліп, атқарылған жұмыстардың сапасы бақыланады.

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖД басшылығы облыс әкімімен бірлесіп Қызылжар ауданындағы қорғаныш бөгендеріне көшпелі тексеру жүргізді. Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы объектілерге ерекше назар аударылды, онда бөгендерді нығайту және олардың су деңгейінің жоғарылауына төзімділігін бағалау жұмыстары жүргізілді. Қосымша жөндеу және қалпына келтіру іс-шараларын жүргізуді талап ететін проблемалық учаскелерге ерекше назар аударылды.

Барлық жұмыстар жауапты мекемелер мен қызметтердің қатысуымен жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Су тасқыны кезеңіне дайындыққа кешенді түрде қарау өңірлердегі су тасқынына қарсы қорғаныш деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.