Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

23.10.2025274 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 158,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 22,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 510 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 142 810 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 249 теңге, базалық зейнетақы – 47 561 теңгенің құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады. Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Аумағы 12 млн гектардан асатын бидай алқаптары жиналды

23.10.2025539 Views

Ауыл шаруашылығын қолдау: алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жетті

23.10.2025418 Views

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: астық сақтауға арналған орындарға 30 млн тоннадан астам өнім сыяды

23.10.2025411 Views
Соңғы жаңалықтар

Аумағы 12 млн гектардан асатын бидай алқаптары жиналды

23.10.2025

Ауыл шаруашылығын қолдау: алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жетті

23.10.2025

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: астық сақтауға арналған орындарға 30 млн тоннадан астам өнім сыяды

23.10.2025

Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды

23.10.2025

Еліміздің өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

23.10.2025

Балабақшаларда «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылуда

23.10.2025

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

23.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.