Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді
Жаңалықтар

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026585 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі бастауыш білім беруді жетілдіруге ерекше басымдық беріп отыр. Басты мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, білім мазмұнының сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету және әр баланың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарады. Бағалау тәсілін қайта қарауға ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, білім мазмұны өзгерген сайын бағалау тәсілі де жаңарып отыруға тиіс.

«Бағалау баланың нені білетінін ғана емес, алған білімін қалай қолданатынын, қандай дағдыларды меңгергенін көрсетуі қажет. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады. Критериалды бағалау жүйесі сақталады. Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Бұл тәртіп өзгермейді. Бұған дейін бағалау формативтік және жиынтық бағалау түрінде жүргізілді. Жиынтық бағалау бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды қамтыды. Жаңа тәртіп формативтік және аралық бағалауды қамтиды», – деді спикер.

Вице-министр негізгі өзгерістерге тоқталып өтті. Мәселен, формативтік бағалау сақталады және үлесі артады. Оның тоқсандық бағадағы үлесі бұрын төрттен бір бөлігін құраса, енді теңбе-тең болады. Бұл баланың тоқсан бойындағы күнделікті еңбегі мен оқу жетістігін көбірек ескеруге мүмкіндік береді. Формативтік бағалау 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. 10 балл бір ғана тапсырманың немесе сабақтың бір кезеңінің нәтижесі бойынша қойылмайды. Бұрын тек үй жұмысына немесе бір тапсырманы жақсы орындағаны үшін бірден бағаланып келген. Енді баланың сабақтың әртүрлі кезеңдерінде орындаған тапсырмаларының жиынтық нәтижесі негізінде анықталады. Педагог тоқсан ішінде әр пән бойынша әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30%-ында бағалайды. Мысалы, тоқсанда бір пән бойынша 30 сабақ өткізілсе, әр оқушы кемінде 9 сабақта формативтік балл алуы тиіс. Бұл – бағалаудың ең төменгі жиілігі. Педагог оқушыны одан да жиі бағалай алады. Осы талап баланың біліміндегі ілгерілеуді жүйелі бақылауға және оның күнделікті еңбегін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Екінші өзгеріс – аралық бағалау енгізіледі. Аралық бағалау әр бөлім аяқталғаннан кейін жүргізіледі және сол бөлім бойынша қорытынды жұмыс болып саналады. Аралық бағалаудың саны оқу бағдарламасындағы бөлімдер санына байланысты болады.
Үшінші өзгеріс – тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді.Бұған дейін, мысалы, математика пәнінен бір тоқсанда үш БЖБ және бір ТЖБ өткізілсе, оқушы барлығы төрт жұмыс орындайтын. Жаңа тәртіп бойынша әр бөлімнің соңында аралық бағалау жүргізіледі. Ал тоқсанның соңында бөлек ТЖБ өткізілмейді. Нәтижесінде тоқсан ішіндегі бағалау жұмыстарының саны бір жұмысқа қысқарады. Бұл баланың бағалау жүктемесін азайтады. Педагог те ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу және тексеру міндетінен босатылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.