Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады
Аймақ жаңалықтары

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026415 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
29 тамызда Ақтау қаласында «SHUBAT FEST-2026» ұлттық шұбат фестивалі өтеді. Фестиваль Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілерін анықтауға, дәстүрлі сусынды дәріптеуге және түйе шаруашылығы өнімдерін танымал етуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Фестиваль Министрлік бекіткен 2026 жылғы республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген және Ұлттық оқиғалар күнтізбесінің негізгі іс-шараларының қатарына кіреді. Бұл оның еліміздің туристік әлеуетін ілгерілетудегі жоғары мәртебесін айқындайды.

Шара аясында шұбаттың үздік өндірушісін анықтайтын негізгі конкурс өтеді. Сонымен қатар түйе сүтінен жасалған құрт, балқаймақ, десерт, балмұздақ және түйе сүті қосылған кофе мен коктейль сияқты өнімдер бойынша арнайы номинациялар ұйымдастырылады.

Конкурсқа түйе шаруашылығы өнімдерін өндіретін жеке және заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары қатыса алады. Финалға 20 қатысушы іріктеледі. Олардың шұбат үлгілері сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау үшін тәуелсіз аккредиттелген зертханаға жіберіледі.

Негізгі конкурс жеңімпаздары үш бағыт бойынша жиынтық балл негізінде анықталады: халықтық дауыс беру – 20%, тәуелсіз зертхананың қорытындысы – 40%, кәсіби қазылар алқасының бағасы – 40%. Өнімнің физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері, дәмі, консистенциясы, хош иісі мен ұсынылуы бағаланады.

Негізгі конкурстың жүлдегерлеріне 1 млн, 700 мың және 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Ал Гран-при иегеріне автокөлік табысталады. Арнайы номинациялар бойынша да ақшалай жүлделер беріледі.

Фестивальдің финалдық бағдарламасында гала-концерт өткізіліп, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек. Сонымен қатар халықтық дауыс беру ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, шараға 20–25 мың көрермен қатысады.

«SHUBAT FEST-2026» шұбатты ұлттық гастрономиялық бренд ретінде танытуға, отандық түйе шаруашылығын қолдауға және Маңғыстаудың гастрономиялық туризмдегі әлеуетін арттыруға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.