Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде
Жаңалықтар

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026370 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «PetroRetail» ЖШС-нің еліміз аумағында заманауи жол бойындағы сервис нысандарының желісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобасын іске асыруға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Инвестициялық жоба аясында 2029 жылдың соңына дейін жол бойында 60 заманауи сервис нысанын салу жоспарлануда. Олардың құрамына автожанармай құю және электр қуатымен зарядтау станциялары, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер, TIR тұрақтары және қонақүйлер кіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жобаны іске асыру жол бойындағы сервистің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ көлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Жобаны кеңейту аясында іскерлік белсенділігі жоғары орталықтарда, қалаларда және туристік маңызы бар локацияларда қонақүйлер салу көзделген. Бұл негізгі автомобиль бағыттарының бойында және перспективті туристік маршруттарда неғұрлым кешенді инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 6 қонақүй нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба аясындағы алғашқы қонақүйлер 2025 жылғы 17 қыркүйекте Жамбыл облысының Меркі ауданында және 2025 жылғы 25 қарашада Қызылорда облысының Арал қаласында пайдалануға берілді. Жоба аясында соңғы пайдалануға берілген нысан – Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы қонақүй. Ол 2026 жылғы 15 маусымда жұмысын бастады.

Осылайша, жол бойындағы сервис желісін дамыту дәстүрлі автожанармай құю кешендерімен ғана шектелмей, жол қозғалысына қатысушыларға арналған толыққанды инфрақұрылымды қалыптастыруға бағыт алуда. Қонақүйлердің, тамақтану орындарының, дүкендердің, тұрақтар мен электр зарядтау станцияларының салынуы қауіпсіз әрі жайлы сапарға қажетті жағдай жасауға, сондай-ақ өңірлердегі іскерлік және туристік белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары жалғасуда. 2029 жылдың соңына дейін қалған нысандарды көлік қозғалысына деген сұранысты, туристік әлеуетті және тиісті аумақтардың әлеуметтік-экономикалық маңызын ескере отырып, кезең-кезеңімен салу жоспарлануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.