Автор: un_admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты. Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты. Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды. Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді. Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба…

Read More

233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.  Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 жылы 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды), деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Тестілеу қорытындысы бойынша 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир және…

Read More

Қызылорда облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және «Құқықтық тәрбие – қауіпсіз қоғам кепілі» тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақ халқы ежелден заңға құрмет пен әділдікті жоғары бағалап, жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Бүгінде құқықтық мәдениеті жоғары, заңды құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу – құқық қорғау органдарының, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және тұтас қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта білім беру ұйымдарына бекітілген полиция қызметкерлері мектеп әкімшіліктерімен, педагогтермен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізуде. Кездесулер барысында жасөспірімдер арасындағы…

Read More

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Осы жолда саналы ғұмырын ел игілігіне арнап келе жатқан азаматтардың бірі – Ахметов Ибрайхан Біртайұлы. Ибрайхан Біртайұлы ветеринария саласында 41 жылдан астам уақыт табанды еңбек етіп, Қазақстан Республикасының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Ол еңбек жолын қарапайым малдәрігері ретінде бастап, бүгінде Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін абыроймен атқаруда. Көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында ол өзін білікті басшы, жауапты мемлекеттік қызметші және өз ісінің нағыз маманы ретінде таныта білді. Әріптестері оның жоғары кәсібилігін, әділдігін, адамгершілігін және кез келген жағдайда қолдау көрсетуге дайын тұратын қасиетін…

Read More

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып, қылмыс деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға төмендеген. Профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, есепте тұрған 1500-ден астам азаматпен мобильді топтар жұмыс жүргізген. Соның нәтижесінде аса ауыр қылмыстар, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық және қорқытып алу деректері айтарлықтай азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров баяндады. «Қылмыстың алдын алу прокуратура қызметінің негізгі басымдығы. Біз тек құқық бұзушылықты ашуға емес, оның орын алуына жол бермеуге басымдық беріп отырмыз. Осы бағыттағы кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі қылмыстық ахуал тұрақталып келеді. Прокурорлар заңсыз шешімдерге жол бермей, 38…

Read More

Елішілік құндылықты дамыту мақсатында Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп тұрақты негізде мұнай-газ саласы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда. Заңнамалық деңгейде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын реттеу тетіктері жетілдірілуде. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске келісімшарттарда жергілікті қамтудың ең аз үлесін міндетті түрде бекітуді көздейтін өзгерістер енгізілді. ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Оның хабарлауынша, 90-ға жуық қолданыстағы келісімшарттарға тиісті өзгерістер енгізілді, оларда ел ішіндегі құндылық көрсеткіштері белгіленген: тауарлар бойынша кемінде 30% және жұмыстар мен…

Read More

Қазақстанда 6 млн тонна шартты отын, яғни болжамды ресурстар Шу-Сарысу, Солтүстік Торғай, Сырдария, Арал, Балқаш, Зайсын сынды аз зерттелген шөгінді бассейндерде шоғырланған. Бұл аумақтар бойынша көмірсутектің расталған қорлары жоқ. Себебі олардың нақты әлеуеті заманауи сейсмикалық барлау және іздеу, бұрғылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана нақтыланады. ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді. «Соңғы 10 жылда аталған бассейндер игерілуінің басты кедергісі – олардың перспективасының жоқтығында емес, геологиялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелгендігінде. Қазіргі заманғы сейсмикалық зерттеулер терең іздеу, бұрғылау, геологиялық деректерді цифрландыру технологиялары жаңа бассейндердің мұнай-газ әлеуетін жаңа деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Министрлік аз зерттелген аумақтарда геологиялық барлауды жүргізуге инвестиция…

Read More

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге және 2025 жылы 7,4 млрд теңге толық игерілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Алты бағыт бойынша 4 223 жоба несиелендірілген. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы саласында – 597 жоба, мал шаруашылығында – 3155 жоба, құс шаруашылығы бағытында – 22 жоба, балық шаруашылығында – 53 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша –…

Read More

Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде биыл жаңа стандарттар енгізілуде. Олар оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізуді цифрландыруды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын диагностикалық жабдықтар жиынтықтарымен қамтамасыз етуді және орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. «Бүгінде профилактикалық тексерулерді жай ғана өткізу емес, олардың жоғары сапасын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін медицина қызметкерлерін жаңа тәсілдерге оқытып, оларды заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз ету қажет», – деді бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова. Жалпы, балаларға хирургия, офтальмология, оториноларингология және стоматология бағыттары бойынша профилактикалық тексерулер жүргізуге қатысатын 2054 мейіргерді оқыту жоспарланып отыр. Министрлік мамандарды даярлау…

Read More

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің Президенттің су саласын жаңғырту, жаңа су қоймаларын салу, су үнемдеудің озық технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізуге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Премьер-министр кәсіби мерекесі қарсаңында су саласының қызметкерлерін құттықтап, өңірлердің тұрақты дамуы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында олардың еңбегі стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы және Су саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде…

Read More