Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ЕГІС АЛҚАПТАРЫ ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛУДА
Аймақ жаңалықтары

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ЕГІС АЛҚАПТАРЫ ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛУДА

22.12.2025305 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Осы жылы бұл көрсеткішті 234 млрд. 800 млн. теңгеге жетті. Қазіргі таңда 6 млрд. 400 млн. теңге болатын 9 жоба іске қосылды. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.
«Ауыл шаруашылығының машина-трактор паркі жаңартылып, 2022-2024 жылдары 21 млрд. 800 млн. теңгеге 647 техника алынса, Осы жылы 4 млрд. 700 млн. теңгеге машина-трактор паркі 139 ауыл шаруашылығы техникаларымен толықтырылды.
Дер кезінде қабылданған шешімдердің негізінде егіс алқаптары толық сумен қамтамасыз етіліп, егінді шығынсыз алып қалуға барынша жағдайлар жасалды.
Президент тапсырмасымен аймаққа Премьер-министр бастаған Үкімет делегациясы арнайы келіп, шаруалардың жағдайымен, егістің жай-күйімен танысты. Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің барлық өңірінен 139 қызметкерден құралған жеке құрамды жеткізіп, екі ай бойы шаруалардың игілігі үшін ауқымды жұмыс атқарды.
Үкімет резервінен 53 насос қондырғысын алуға қажетті қаржы бөлінді. Дер кезінде қабылданған шешімдер егінді шығынсыз жинап алуға жол ашты.
Өңірде биыл 189 600 гектарға егін егілді, 80 900 гектарға себілген күріштің әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды», – деді Н.Нәлібаев.

Аймақта су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, су шығынын азайту мақсатында егістікке жаңа технологиялар енгізілуде. Биыл диқандар күріш алқаптарының 60 мың гектарын лазермен тегістеп, суды үнемдеп, өнімділікті арттырды. Су үнемдеу технологиялары 8 100 гектарға пайдаланылып, өткен жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайды. Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында шетелдік компаниялардың қатысуымен су үнемдеу технологияларын қолданып жүгері, жоңышқа егуге бағытталған 3 ірі жоба қолға алынған.
Егін шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын енгізген шаруашылықтарды мемлекеттік қолдауға алдағы 3 жылға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекет басшысы суды көп қажет ететін дақылдар егісін оңтайландыруды, оның орнына ылғалға төзімді, өнімділігі жоғары, сұранысқа ие жүгері, майлы дақылдар көлемін арттыруды тапсырды.
Бұл бағытта жүгеріні терең өндейтін Қызылорда крахмал-сірне зауыты жобасы 2025-2029 жылдар аралығында екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезеңде кептіру кешені, екінші кезеңде жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынады. Зауытқа 35 гектар жер телімі табысталып, 10 мың гектарға дән жүгері егуге шаруалармен келісім жасалды.
Одан бөлек, швейцариялық «Харвест Груп» компаниясымен бірлесіп, 21 мың гектарға техникалық қарасора, жүгері және соя өсіріледі, агроиндустриялық кластер құру жоспарлануда.
Бұл жобалар аймақтың егін шаруашылығын әртараптандырып, саланы жаңа деңгейге көтеруге оң ықпалын тигізеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026103 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026258 Views
Соңғы жаңалықтар

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.