Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 білім беру ұйымын айқындады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Іс-шаралар білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, білім беру процесінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған. «Өткен жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай…
Автор: un_admin
Еліміздің Сот сараптамалары орталығы зертханалық базаны жаңартумен қатар әдістемелік әлеуетті дамытуды да назардан тыс қалдырмайды. Қазір цифрлық активтердің айналымы мен қаржы ағындарына, сондай-ақ ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілеріне қатысты объектілерді сараптамалық зерттеу жүргізуге арналған жаңа әдістемелік жобалар әзірленуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Олардың алғашқысы – цифрлық активтерге қатысты істерді тергеу барысында айналым көлемін белгілеуге, сондай-ақ ақша қаражаты мен олардың баламаларының айналымын анықтауға арналған. Бұл әдістеме цифрландыру жағдайында экономикалық қылмыстарды тергеуде бірыңғай әрі ғылыми негізделген тәсіл үшін принципті маңызға ие. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқылмысқа, оның ішінде кибералаяқтыққа қарсы белсенді…
Қазақстандағы сот сараптамалары орталығы сот-медициналық практикаға цифрлық технологияларды енгізуде: филиалдардың бірінде виртуалды аутопсия бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба аясында салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, дәстүрлі аутопсия компьютерлік томографиямен салыстырылды. Нәтижелер бірқатар өлім жағдайы бойынша сараптамалық қорытындылардың толық сәйкестігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Бұл нәтиже өте маңызды: ол компьютерлік томографияны тек көмекші ретінде ғана емес, сонымен қатар сот-медициналық зерттеулердің балама әдісі ретінде де қолдануға болатындығын көрсетеді. Виртуалды аутопсия қорытындылардың объективтілігі мен сенімділігін сақтай отырып, ең аз араласумен талдауды қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе, дәстүрлі аутопсияны жүргізу қиын немесе әлеуметтік тұрғыдан…
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздегі барлық мектеп педагогтеріне арналған оқыту курстарын бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқыту барысында этика мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріледі: баланың игілігіне басымдық беру, академиялық адалдықты сақтау және дереккөздерді белгілеу, қолданудың заңдылығы мен дербес деректерді қорғау, жас ерекшелігін ескеру мен педагогикалық бақылауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ жасанды интеллектінің шектеулері мен алгоритмдік бейтарап еместігінің ықтималдығын да түсіну қажет. Қатысушыларға негізгі ЖИ-құзыреттер ұсынылады. Педагог үшін – сабақ мақсатына сәйкес құралдарды негізді таңдау, алынған жауаптарды сыни тұрғыдан бағалау, этикалық және…
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында автожол саласы мамандарының бірыңғай дерекқоры «JOLSHY» іске қосылды. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеген жаңа цифрлық сервис кадр тапшылығын шешуге және саладағы басқару ашықтығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Дерекқор студенттер, түлектер, инженерлер мен басшылар туралы мәліметтерді біріктіреді. Онда мамандардың білімі, еңбек өтілі және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпарат сақталады. Қазіргі таңда екі мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жұмыс берушілер үміткердің нақты кәсіби профилін көре алады, ал студенттер тәжірибеден өтіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жол саласы қызметкерлері үшін біліктілікті міндетті түрде арттыру талабы енгізіледі. Бұл үдеріс те…
Биыл Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Сонымен қатар заманауи бақылау датчиктері орнатылып, автоматтандырылған мониторинг жүйесі мен жергілікті хабарландыру жүйесі енгізілді. Сыйымдылығы 42,6 млн текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойған болатын. 2023 жылы жүргізілген гидротехникалық нысандарды түгендеу нәтижесінде су саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Ол 160-тан астам іс-шараны қамтиды. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын…
Жаңақорған кентінде тұрғындардың көптен күткен игілікті іс – көшелерді асфальттау жұмыстары жүйеленіп, бірқатар аумаққа жаңа жол төселді. Тегіс те сапалы жолдар елдің еңсесін көтеріп, халықтың көңіл-күйіне серпін береді. Биыл аудан орталығындағы жалпы құны 807,3 млн теңгеге 4 көшеге күрделі жөндеу жүргізілді. Атап айтсақ, Т. Құлымбетов, Т. Әбенов, П. Өрғараев, Б. Ысқақов көшесінің (Әлімкөлден Ы.Алтынсарин көшесіне дейінгі) жолы жаңартылды. Сондай-ақ, Қ.Жарқынбекұлы көшесінде орташа деңгейде жөндеуге 112,5 млн.теңге қаражатқа жұмысы аяқталды. Биыл жыл аяғына дейін Б. Байкенжеев көшесі абаттандырылады. Сондай-ақ, Хорасан Ата көшесінің де заманауи келбеті жаңармақ. Жаңақорғандықтар үшін бұл – кенттің көркі мен абыройын арттыратын қуанышты жаңалық. «Жолы түзелген елдің –…
2025 жылдың 19 қыркүйекте Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ЭТНОQUIZ интеллектуалды сайысы өтті. ЭТНОQUIZ-дің мақсаты – бірлік пен татулықты, достықты дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту. Сайысқа облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктің өкілдері, Ассамблея жастары және облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты орталықтардың қызметкерлерінен құралған 6 топ қатысты. Сайыс 6 кезең бойынша өтті. Әр кезеңнің сауалдары қиын әрі қызықты болды. Әсіресе Ва-Банк және Капитандар туры тартысты өтті. Квиз барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Ерлан Сисенбиев және «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов сөз сөйлеп, сайыс танымдық білім…
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Ассессмент-орталық» бірінші блогынан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды. Ассессмент-орталық а.ж. 22-26 тамыз аралығында өтті. Аталған құзыреттерді бағалаудың блогы нақты жұмыс жағдайларына жақын құрылымдық тапсырмалар сериясы болып табылады. Бұл формат кандидаттардың құзыреттердің деңгейін, соның ішінде олардың аналитикалық ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін, көшбасшылық қабілеттерін және топта жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Ассессмент-орталығына 309 кандидат жіберілді. Бекітілген іріктеу рәсіміне сәйкес, «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогына ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген 200 кандидат өтті: «Экономикалық және қаржылық саясат» бағыты бойынша – 28 кандидат; «Сыртқы саясат және инвестициялар», «Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және…
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 436,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 59,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 543,7 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 184,1 мың адамды құрады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің…
