Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді
Жаңалықтар

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025152 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, сондай-ақ ЖАО-мен бірлесіп, ағымдағы жылы орталықтандырылғансумен жабдықтау жүйелерін дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырып жатыр. Аталған жұмыс шеңберінде су шаруашылығы комитеті 2025 жылы бірқатар инфрақұрылымдық жобаны орындауға кірісті. Олар жайлы ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ брифингінде айтып берді.

Оның мәлімдеуінше, 20 жобада 6 өңірде ауыз суды 70 елді мекенге жеткізуді қамтамасыз ететін 1497 шақырым топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау көзделген.

«Бұдан басқа, жыл соңына дейін 8 жобаның жоспарлы көрсеткіші кезінде 12 жобаны пайдалануға беру жоспарланған, бұл белгіленген нысаналы индикаторлардың асыра орындалғанын көрсетеді. Бұл ретте бастапқыда Комитетке бұрын ауыз суға толық қол жеткізе алмаған 52 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме бекітілді. Бүгінгі таңда 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді және жыл соңына дейін тағы 4 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Бұл белгіленген міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», – деді Комитет төрағасы.

Бір мезгілде қосымша ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдау, сондай-ақ жобалық шешімдерді оңтайландыру нәтижесінде жоспарлы көрсеткіштерден тыс тағы 22 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Комитет 5 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Іске асыру қорытындысы бойынша 207,6 шақырым топтық су құбырлары қайта жаңартылатын болады, сондай-ақ 449,9 мың халық тұратын 222 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету жақсартылады.

Спикердің айтуынша, суды ұтымды пайдалану үшін суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру ерекше маңызға ие. Комитет «Суды үнемде — болашақты сақта» жобасы аясында мектептерде түсіндіру іс-шараларын өткізді. Алдағы уақытта бұл бағдарлама жоғары оқу орындары мен колледждерде жалғасын табады. Ал, келесі жылы топтық су құбырларын салу мен реконструкциялаудың қалған 8 жобасын іске асыруды аяқтау және 5 топтық су құбыры бойынша оң қорытындылар алу бойынша міндеттер алға қойылды.

Айта кетерлігі, Министрлік Қытай елімен келісім жасасып, отандық мамандарды шетелге біліктілігін арттыруға жіберіп жатыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202672 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.