Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады
Жаңалықтар

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025396 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды іріктеуі. Сондай-ақ бір күнтізбелік жыл ішінде конкурсқа қайта қатысуға болады. Бұл әлеуетті үміткерлер қатарын көбейтіп, олардың бағдарламада бағын сынап көруіне қосымша мүмкіндік ұсынады.

Конкурс қорытындысы бойынша комиссия еліміздің 225 азаматына халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Орта есеппен бір орынға 4 үміткерден келді. Сонымен қатар биыл шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарға қойылатын талаптар өзгерді. Яғни олар міндетті түрде беделді халықаралық рейтингтердің үздік жүздігіне енген болуы керек. Бұл «Болашақ» стипендиясы аясындағы академиялық білім сапасын арттыруға жол ашады.

Жаңа стипендианттардың 152-сі – магистратурада, 16-ы докторантурада оқиды. Ал 57 отандасымыз шетелдік университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұдан бөлек, 182 жерлесіміз әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге грант алды. Іріктеу сапасын арттыру мақсатында биыл үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, беделді басылымдарда ғылыми мақалалардың немесе халықаралық патенттердің болуы міндетті талап ретінде қарастырылды. Сонымен қатар ғылыми тағылымдама бағыттарының тізімі Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның басымдықтарына сәйкестендірілді.

Отырыста 2026 жылы кәсіби тағылымдамадан өтушілер үшін «Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар» деген жаңа санат бекітілді. Экономиканың түрлі саласын жаппай цифрландыру бағдары жасанды интеллект құзыреттерін дамытуды талап етеді. Бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың әрі цифрлық трансформация жағдайында негізгі салаларды дамытудың маңызды шарты саналады.

Сондай-ақ жиында 2026 жылдан бастап магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды. Жыл сайын бұл бағытқа 20 квота бөлінеді. Мұндай қадам отандық атом өнеркәсібіне қажетті жергілікті білікті кадрларды уақтылы даярлауға мүмкіндік береді.

Жалпы, жаратылыстану-техникалық бағыт бойынша тағайындалған «Болашақ» стипендияларының үлесі 2022 жылғы 59,2 пайыздан 2025 жылы 70 пайызға дейін өсті. Инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша ғылыми тағылымдамаларға берілген стипендиялар үлесі 2022 жылғы 46 пайыздан 72,4 пайызға дейін артты.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру және жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202672 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.