Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты норма кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Осыған байланысты министрліктің хабарлауынша, тарихи тұрғыдан алғанда, мемлекеттік кепілдік институты азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялау стратегиясына дербес ықпал ету мүмкіндігі болмаған кезеңде енгізілді. Мемлекет инвестициялық саясатты айқындап, салымшылардың өз қаражатын басқару құқығын шектегендіктен, нақты инвестициялық табыстылық пен инфляция деңгейі арасындағы айырманы өтеу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алған болатын. «Қазіргі таңда салымшыларға инвестициялық басқарушы компанияны және инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау құқығы берілгендіктен, мемлекеттік кепілдіктің бастапқы құқықтық әрі…
Автор: un_admin
Ақтауда синтетикалық есірткіні сақтады және өткізді деген күдікпен ер адам ұсталды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz. Жеке тінту барысында күдіктіден зип-пакеттерге оралған заттар мен телефон тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 58,9 грамм болатын мефедрон есірткісі екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша күдіктінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік материал рәсімделді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге…
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты үкім шығарды. Сот оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сот шешіміне сәйкес, Молдахан жәбірленушілер Серік Шұмаев пен Ержан Ұзабаевқа моральдық өтемақы ретінде әрқайсысына 2 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, сот шығындарын өтеуге 1 миллион теңге өндірілмек. Жалпы өтемақы көлемі 5 миллион теңгені құрады. Бұған дейін блогерге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы, яғни онлайн-платформаларды пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылған. Алайда кейінгі сот отырыстарында мемлекеттік айыптаушы істі осы баптың 3-бөлігіне қайта саралауды сұрады. Бұл норма ірі залалға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан…
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жаңгелдин ауылындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевті кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, сот оны адам өлтіруден бөлек, алаяқтық, ұрлық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иемдену және оларды жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды. Атырау облысының Жаңгелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал 2026 жылғы 6 қаңтарда шаруашылық құрылыстарының бірінен отбасы отағасы Мақсот Қарабалин мен жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылды. Кейін тергеу олардың денесінде пышақ жарақаттары болғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, Наурыз Мұқанғалиев 2025 жылдың мамыр айында…
Дінмұхамед Қонаевтың ұзақ жылдар бойы бірінші көмекшісі болған Дүйсетай Бекежановтың қызы әкесінің қамауға алынуы мен жұмбақ өліміне қатысты көлемді жазба жариялады. Ондағы ең назар аударарлық тұс — Бекежанов қайтыс болардан бірнеше күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесуге дайындалған, деп хабарлайды Democrat.kz сайтына сілтеме жасап. Қызының айтуынша, әкесін Назарбаев жеке өтініші бойынша қабылдауға тиіс болған. Дүйсетай Бекежанов сол кезде президенттің көмекшісі қызметін атқарған Нұртай Әбіқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, кездесудің күні мен уақытын келіскен. Алайда жоспарланған кездесу жүзеге аспады: Бекежанов көп ұзамай өмірден өтті. Ресми қорытындыда оның өліміне көлемді инфаркт себеп болғаны көрсетілген. Бірақ отбасы мәйітті қоштасуға әкелген кезде «уланудың белгілерін» байқағанын алға…
Бұған дейін kznews.kz порталы Абай облысы, Аякөз ауданына қарасты Айғыз ауылындағы ауыз су мәселесі туралы екі рет материал жариялаған болатын. Өкінішке қарай, ауылдағы ауыз суға қатысты дау әлі тоқтамағанға ұқсайды. Алғашында біз тұрғындардың шағымы бойынша елді мекендегі ауыз су мәселесінің шешілмей келе жатқанына алаңдаушылық білдірген едік. Одан кейін ауыз су мәселесі бойынша жергілікті шенеуніктердің Айғыз ауылына арнайы келіп, тұрғындармен кездескені туралы жарияладық. Онда Аякөз ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жолдыбекұлы ауылға арнайы келіп, қирап жатқан ауыз су жүйесін көзбен көргені айтылған. Яғни, аудан шенеунігі халыққа уәде беріп, бұзылған су жинау қондырғысының 30-шілдеге дейін жөнделетінін айтқан. Тұрғындар бұл уәжге тоқтағанымен, атқамінерлер арасындағы сөз мұнымен…
Мемлекет басшысының Астанадағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет резервінен Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға қаржы бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жобаларды жүзеге асыру қарқынды тұрғын үй құрылысы мен қала халқы санының өсуі жағдайында кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы қаржыландыру көлемі 16,2 млрд теңгеден асады. Оның 8,7 млрд теңгесі су бұру инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Атап айтқанда, Астананың Есіл ауданындағы қолданыстағы тазарту құрылыстарынан бастап Ақмола облысындағы Қарабидайық көліне дейінгі кәріз коллекторы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар Ұлы Дала, Хусейн бен…
Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже. Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова, Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы…
2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ бар болған жағдайда жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады. Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген: ✔…
Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы 9 елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар: Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Жоба аясында 1 390 тұрғын үйде тұратын шамамен 6 мың тұрғынды табиғи газға қосуға мүмкіндік жасалды. Осылайша, ауданда газдандырылған елді мекендердің саны 22-ге жетті. Кербұлақ ауданын газдандыру жобасы 2022 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді және Жетісу облысындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады. Жалпы ұзындығы шамамен 500…
