Автор: un_admin

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында шамамен 5 мың шақырым су құбыры желісін 700 млрд теңгеге жаңғырту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 400 млрд теңгеге 2,8 мың шақырым су бұру желісі жаңартылады. Бұдан бөлек, 45 кәріз-тазарту нысанын салу және қайта жаңғыртуға шамамен 800 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді. Спикердің айтуынша, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Сонымен қатар желілер мен құрылыстардың жұмысын қашықтан басқару және бақылау жүйелері орнатылып, есепке алу құралдары кеңінен енгізілуде.…

Read More

Қазақстанда халыққа коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй көмегі түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау тетігі қарастырылған. Өңірлік мәслихаттар коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығынның отбасы табысындағы шекті үлесін 5%-дан 10-ға дейін белгілейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді. «Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен 400 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленіп, 8 мың адам қолдау алып отыр», – деді спикер. Сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтерінің құнын субсидиялау тетігі қарастырылған. Оның аясында ауыз суды жеткізу құнының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Бұл халық…

Read More

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергеніне назар аударды. Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды. Оның пікірінше, еліміздің көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады. Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады. Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар…

Read More

Қызылордада «Маусымашар – 2027» жайдарман фестивалі өтіп, жаңа маусымның шымылдығы түрілді. «Әділет» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер мен аудандардан 11 команда қатысты. Ал жалпы маусымға қатысуға облыс бойынша 30-ға жуық команда өтініш білдірген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында өткен ойын «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстан үшін!» тақырыбына арналды. Қатысушылар әзіл мен тапқырлық арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жастардың шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. «Бүгінгі фестиваль – жай…

Read More

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Тұрмағанбет және Ақжар ауылдарының тұрғындары өз мәселелері бойынша аудан орталығына бармай-ақ, қажетті кеңес пен көмекті ауылдың өзінде алды. Бұл елді мекендерде «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдауға «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, табиғи ресурстар және ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, жауапты бөлім басшылары және «Отбасы банк» өкілдері қатысты. Екі ауылда өткен қабылдауға 40-тан астам тұрғын қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мамандар азаматтарға «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», тұрғын үй және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын…

Read More

Қазақстандағы инфляция жүйелі түрде бәсеңдеуін жалғастыруда. 2026 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3%-ға дейін баяулады. Бір айдағы бағаның өсуі 0,6%, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Инфляцияны бәсеңдетудегі негізгі үлесті азық-түлік тауары бағасының өсу қарқынының төмендеуі жалғастыруда. Қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Дефляция екінші ай қатарынан байқалады. Нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді (тамыздағы 9,5%-дан). Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша баға жағдайы тұрақты болып қалады. Азық-түлік емес инфляция жылдық мәнде 11%-ға дейін бәсеңдеді. Ақылы қызмет бағасының өсуі 8,9% деңгейінде сақталды. Инфляциялық процестердің баяулауы аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды. Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Read More

Үкімет Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo ЖШС арасында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кәсіпорын құрылысын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау, ал оны пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 60 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы – жылына 256 млн бірлік шыны ыдыс өндіруді құрайды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында шыныдан жасалған өнімнің өзіндік өндірісі жоқ. Жаңа зауыт отандық шыны ыдыстың өндірісін ұлғайтуға және оның…

Read More

Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін ұзақ мерзімді жоспарын қалыптастырды. Жоспар энергетикалық жүйенің қолда бар қуатын арттыруға, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі генерация мен жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамытуға бағытталған. 2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларында бу-газ қондырғыларын салу, Екібастұз ГРЭС-2 №3 энергоблогын салу, «Қарағанды Энергоцентрда» қазандық агрегаты мен турбоагрегатты салу, «Kazakhmys Energy» БТЭЦ-інде қазандық пен турбоагрегатты, «Kazakhmys Energy» ЖЭО-да  қазандық пен турбоагрегатты орнату, сондай-ақ Ақсу ГРЭС энергоблогын кеңейту және жаңғырту жобалары көзделген. 2029…

Read More