Маңғыстау облысында 1969 жылы салынған Маңғыстау станциясының қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қайта жаңғырту барысында вокзалдың техникалық қабаты бар үш қабатты ғимараты толық жаңартылды. Қасбеті мен шатыры, ішкі бөлмелері, инженерлік желілері және байланыс жүйелері жаңартылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Ғимаратта билет кассалары, күту залдары, тексеру аймағы, ана мен бала бөлмесі, ұзақ уақыт демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ сауда және сервистік қызмет көрсету нысандары жабдықталды. Кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзалда лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар орнатылып, тактильді навигация жүйесі және қозғалысы шектеулі жолаушылардың демалуына арналған арнайы бөлмелер қарастырылды. Сонымен қатар вокзал бейнебақылау, желдету, өрт қауіпсіздігі және қолжетімділікті…
Автор: un_admin
Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі тұрғын үйдің 160 пәтерінің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, егемен ел атанған, тарихи шешім қабылданған күннің маңызына тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап көрсеткендей, соңғы төрт жылда үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 3 мыңға жуық пәтер беріліп, 10 мыңға жуық тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған. Бүгін игі бастаманың жалғасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге аумағы 12…
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі – көлік құралдарының орташа жылдамдығын автоматты түрде бақылайтын жүйелерді енгізу. Қазіргі уақытта мұндай жүйелер жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын ақылы автомобиль жолдарының 15 учаскесінде жұмыс істейді. 2026 жылдың соңына дейін тағы 13 учаскеде орташа жылдамдықты бақылау жүйесін іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде бақылау жүйесі жалпы ұзындығы шамамен 5,4 мың шақырымды…
Құны 4 млрд доллар болатын алты инвестициялық жоба, жаңа өндірістік қуаттар және 3,6 млрд долларлық өңделген өнім экспорты. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа моделін қалыптастырып келеді. Бұл модельде экономикалық өсімнің басты көзі шикізат емес, қосылған құны жоғары өнім өндіру болмақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көлемін ұлғайтып, ішкі нарықта ғана емес, халықаралық өндірістік тізбектерде де сұранысқа ие өнімдер шығаруға басымдық беріп отыр. Негізгі назар астықты терең өңдеуге, май-тоңмай, ет және сүт өнеркәсібін дамытуға, кәсіпорындарды жаңғыртуға әрі дайын өнім экспортын арттыруға бағытталған. Аграрлық әлеуеті қалыптасқан ел үшін бұл – өнеркәсіптік өсімге қол жеткізу ғана емес,…
Республика күні қарсаңында Қызылордада «Orda Power» ЖШС күн электр станциясының құрылысын бастау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, «Orda Power» компаниясының бас директоры Гультекин Йигит, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Аймақ басшысы өңірдің энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, жаңа станцияның маңыздылығын атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің қолдауымен өңіріміздің энергетика саласында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қызылорда қаласында жаңа жылу электр орталығы іске қосылды. Бұл ретте Тәуелсіздік жылдарында инвестор қаражаты есебінен ең ауқымды жобаның бірін жүзеге асырған түркиялық «Aksa…
Республика күні қарсаңындағы тағы бір маңызды іс-шара – Қызылордада «Terra Green» ЖШС заманауи жылыжай кешені құрылысының басталу рәсімі. Оған қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, «Terra Green» компаниясының өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағаларына серіктестік құрылтайшысы Фатих Будан жобаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін таныстырды. Аймақ басшысы өңірде агроөнеркәсіп саласын дамытудың артықшылықтарына тоқталып, жаңа жылыжай кешені құрылысының басталуымен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, оның ішінде агроөнеркәсіп саласына баса мән беруді тапсырған болатын. Өздеріңізге белгілі, агроөнеркәсіп кешені – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Еліміздегі…
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмасымен Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Мұрат Ергешбаевпен бірге өңірдегі жол инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы тамыз айында телекөпір арқылы «Қызылорда-Сексеуіл», «Ұлғайсын-Сексеуіл» және «Бейнеу-Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап беріп, тоғыз жолдың торабында тұрған еліміздің өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыттардың стратегиялық мәні айрықша екенін айтқан болатын. Алдымен Қызылорда қаласының айналма автомобиль жолын қайта жаңғырту барысы таныстырылды. Бас мердігер «Қыран» серіктестігі қазіргі уақытта жол негізін төсеу, асфальтбетон қабаттарын салу және темірбетон су өткізу құбырларын орнату жұмыстарын жүргізуде. Жобаға 46,4 млрд теңге бөлінген, 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Ал «Қызылорда…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті. Онда «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыру жоспарланған инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы талқыланды. Биылғы 9 айда облыс экономикасына 581 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайыздық өсім қалыптасты. Жеке инвестиция үлесі 82 пайызға жетті. Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды сапалы әрі уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. «Әрбір инвестициялық жоба өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан бірлескен жұмысты жеделдетіп, нәтижелі іске басымдық беруіміз қажет. Облыс әкімдігі барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Жобаларды бастапқы кезеңнен өндіріс іске қосылып, өнім шығарғанға…
2026 жылдың тоғыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасына 1 миллионнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Былтырғы тоғыз айда 978 мың бос жұмыс орны тіркелген болатын. Жалпы, платформада ай сайын орта есеппен 120 мыңға жуық жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жұмыс берушілердің белсенділігі әсіресе қыркүйек айында артқан. Осы айда 254 мың бос жұмыс орны ұсынылып, бұл тоғыз айдағы жалпы көрсеткіштің 23,2%-ын құрады. Қыркүйектегі көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Бос жұмыс орындарының саны барлық салада артты. Әсіресе сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі…
Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Бір алаңға 40-қа жуық елдің салалық сарапшылары жиналды. Форумға Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Чехия мемлекеттерінен көлік ведомстволары басшылығы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, ірі көлік-логистикалық кәсіпорындар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көлік саласының…
