Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026610 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қарағанды облысында заманауи «ЖанаLAB» зертханалық-талдау кешені іске қосылды. Оның жобалық қуаты жылына 200 мыңға дейін сынама өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл ірі геологиялық барлау және тау-кен өндіру жобаларын қажетті талдау базасымен қамтамасыз етуге жол ашады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жобаны Solidcore Resources компаниясы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асырды. Зертхана Солтүстік Балқаш өңіріндегі геологиялық барлау жобалары аясында кеннің геологиялық сынамалары мен керндік материалдарын дайындауға және зерттеуге арналған.

Кешенді құруға шамамен 9 млрд теңге инвестиция салынды.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа кешен өңірдің технологиялық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналатынын атап өтті.

«Мұнда геологиялық сынамалар мен керндік материалдарды дайындаудан бастап, талдау жұмыстарын жүргізу және алынған нәтижелерді кәсіби тұрғыда интерпретациялауға дейінгі толық зерттеу циклі қалыптастырылған. Бұл жай ғана заманауи жабдық емес, әр кезеңде сапалы нәтиже алуға мүмкіндік беретін тұтас технологиялық тізбек. Сонымен қатар зертхана жаңа жұмыс орындарын ашып, мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Өңірге салынған инвестициялар жаңа өндірістерді іске қосып қана қоймай, экономиканың одан әрі дамуына да ықпал етуі маңызды», – деді өңір басшысы.

Жобаны жүзеге асыру үшін Қарағандының таңдалуына оның Қазақстанның орталық бөлігінде орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы және компанияның негізгі геологиялық барлау жобаларына жақындығы себеп болды. Өңірдің кадрлық әлеуеті де тағы бір артықшылық ретінде ескерілді.

Зертханада шамамен 150 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірдің өзінде мұнда 115 адам еңбек етеді.

«ЖанаLAB» зертханасында зерттеулердің кең ауқымы жүргізіледі. Мамандар пайдалы қазбалардың элементтік құрамын және сипаттамаларын анықтап, спектрлік, химиялық және фазалық талдаулар жүргізе алады. Бұл жекелеген элементтердің құрамын анықтауға және олардың кен құрамында қандай түрде кездесетінін белгілеуге мүмкіндік береді.

Кешен АҚШ, Германия, Аустралия және басқа да елдердің жетекші өндірушілері шығарған жоғары дәлдіктегі жабдықтармен жарақтандырылған.

Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несис геологиялық зертхананың іске қосылуын компанияның стратегиялық инвестициясы деп атады. Бұл Қазақстандағы алғашқы осындай кешен және әлемдік озық деңгейдегі талаптарға толық сәйкес келеді. Кәсіпорын цифрландыру мен автоматтандырудың заманауи стандарттарына сай жұмыс істеп, өндірістік процестерде жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануға негізделеді.

«Зертхананың арқасында кен денелерін бағалау дәлдігін арттырып, тау-кен жұмыстарын жоспарлау тиімділігін жақсартамыз. Сынамаларды іріктеуден бастап қорларды растауға дейінгі барлық кезеңде геологиялық барлау деректерінің сапасын бақылауды күшейтіп, талдау мерзімдерін қысқартамыз, – деп атап өтті Виталий Несис. – Зертхананың стратегиялық маңызы тек компаниямыз бен Қарағанды облысы үшін ғана емес, тұтастай ел үшін де айрықша. Жоба Мемлекет басшысының алдына отандық өнеркәсіптің алдына қойып отырған ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді. Кешен минералдық-шикізат базасы нысандарын жедел игеріп, пайдалануға беруге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жоба компаниямызға және жалпы тау-кен өндіру саласына шикізатты Қазақстан аумағында барынша терең өңдеу деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Алдағы уақытта «ЖанаLAB» ГОСТ ISO/IEC 17025 талаптарына сәйкестігін растауды және ILAC MRA шеңберінде аккредиттеуден өтуді жоспарлап отыр. Бұл жүргізілген сынақтардың нәтижелерін халықаралық деңгейде мойындауға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026719 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 375 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.