Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді
Жаңалықтар

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 375 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының автомобиль жолдары желісін дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында соңғы алты жылда Қазақстанда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді. Оның ішінде 12,5 мың шақырым республикалық маңызы бар және 18,5 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қамтылды. Ауқымды жұмыстар жол инфрақұрылымын жаңартумен қатар, жол жүру уақытын қысқартуға және өңірлердің көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

2020-2026 жылдар аралығында автомобиль жолдарын дамыту және жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Осы кезеңде «Астана – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Меркі – Бұрылбайтал», «Қалбатау – Майқапшағай», Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы, «Үшарал – Достық», «Қостанай – Денисовка», «Подстепное – Федоровка», «Ұзынағаш – Отар» және «Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» сияқты ірі жобалар аяқталды.

Атқарылған жұмыстар жол қозғалысына қатысушылар үшін нақты нәтижесін берді. Республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 89%-дан 93%-ға, жергілікті жолдар бойынша 71%-дан 91%-ға дейін өсті. Сонымен қатар төрт жолақты автомобиль жолдарының ұзындығы 2,3 мың шақырымнан 4,4 мың шақырымға дейін ұлғайды.

Негізгі бағыттар бойынша жол жүру уақыты да айтарлықтай қысқарды. Автомобиль жолдарының техникалық параметрлерін жақсарту нәтижесінде жекелеген учаскелерде көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан 140 шақырымға дейін артты. Соның нәтижесінде бірқатар негізгі бағыттар бойынша жол жүру уақыты шамамен екі есеге қысқарды.

Автомобиль жолдарының дамуы ішкі туризмнің өркендеуіне де ықпал етуде. Қазіргі уақытта 24 туристік нысанға тұрақты көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жол бойындағы сервистік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы кезеңде 412 жол бойындағы сервис нысаны салынды. Нормативтік талаптарға сәйкес келетін нысандардың үлесі 66%-дан 94%-ға дейін артты.

Автомобиль жолдарын күтіп-ұстаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру мақсатында ақылы жолдар желісі де кеңейтілуде. Бұған дейін ақылы жолдардың ұзындығы 700 шақырымды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 6,2 мың шақырымға жетті.

Жалпы, соңғы алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолының жаңартылуы, көп жолақты трассалар желісінің кеңеюі, жол қауіпсіздігінің артуы, жол жүру уақытының қысқаруы, жол бойындағы сервистің дамуы және туристік нысандардың көлік қолжетімділігінің жақсаруы Қазақстанның заманауи әрі тиімді жол желісін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жаңартылған көлік инфрақұрылымы өңірлердің дамуына, елдің транзиттік әлеуетін арттыруға және экономиканың одан әрі өсуіне берік негіз қалыптастырып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026719 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026417 Views

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026610 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.