Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.20263 854 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Қазалы ауданында егінге орақ салу науқаны басталды. Дархан дала төсіндегі қызу еңбекті алғаш болып Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» шаруа қожалығының шаруалары бастады. «Агро-Өркен» шаруа қожалығының егіс алқабында өткен орақ салу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандағы зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

Егінге орақ салу рәсімі басталмас бұрын Алмасбек Әбілқасымұлы дала еңбеккерлерін егінге орақ түсуімен құттықтап, Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

— Бүгін Өздеріңізбен бірге егінге алғашқы орақ салу рәсіміне арналған аудандық «Дала күні-2026» шарасына жиналудамыз. Бұл – тынымсыз еңбектің жемісін көріп, ел ырысын еселеуге бағытталған жауапты кезеңнің бастауы. Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі саласы. Халықтың әл-ауқатын, табысын арттыруда, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнесті құруда саланың маңызы өте зор. Ауданымыздың табиғи ерекшелігіне, ауа-райы мен топырақ құрамына бейімделген күріш – жалпы біздің өңіріміздің негізгі дақылдарының бірі болып табылады. Биыл аудан бойынша 12 мың 475 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріштің көлемі 2447 гектарды құрады. Өткен жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Үкімет басшысының, үкімет мүшелерінің бастамасымен Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы мемлекеттермен дер кезінде келіссөздер жүргізіп, үлкен қолдаулар жасалды. Бүгінде ирригация жүйелерін жетілдіру, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану және егісті әртараптандыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес биыл ауданымызда күріш көлемін өткен жылмен салыстырғанда 3189 гектарға қысқартылды. Биыл аймағымызды төрт жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Машбекұлының, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен су тапшылығының алдын алу мақсатында аудан көлемінде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда. 2026 жылы аудандағы сол жағалау алыбының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін қайта жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен жұмысын бастауға 801,8 млн. теңге (жоба құны 2 млрд. 589,5 млн.тг) және «Нартай» каналына механикалық тазалау жұмыстарына 179,2 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан 2026 жылға «Климаттық орнықты су ресурстарын дамыту 2-кезеңі» жобасы аясында каналдарды бетондау жұмыстарына 7 каналдың құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтініп тапсырылды. Қазіргі уақытта жобаларды қаржыландырылу күтілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру бағытында әрі қарай да жұмыстар жалғасатын болады. Егіншісі мәрт, жері жомарт – аудан дихандары ортақ абырой, ел мерейі ісінде қашан да ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Ала жаздай еткен еңбектеріңіз ақталып, қамба астыққа толсын, қырмандарыңыз таси бергей! Баршаңыздың еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Алдағы «Алтын Дән» мерекесінде зор табыстармен кездесейік, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Дала төсінде өткен жиында ала жаздай маңдайы күнге, табаны құмға күйген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Мұнан соң Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, «Құрмет», «Парасат» І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы Оразғали Бекбанов сөз сөйлеп, ақ батасын беріп, егін орағының лентасы салтанатты түрде қиылды. Мұнан соң «дала кемесі» атанған комбайндар өз жұмыстарын бастап кетті.

Күрішке орақ салу рәсімі жылдағы дәстүрге сай аудан әкімінің төрағалығымен «Дала күні» семинар-кеңесіне жалғасты. Жиында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов күріш жинауға дайындық туралы баяндап берсе, егінді суармалы сумен қамтамасыз ету, су ақысы төлемдерінің барысы және су жолдарына жасалатын жөндеу жұмыстарына байланысты «Қазалысушар» өндірістік учаскесі басшысының орынбасары Жанбай Садық айтып берді.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы жаздың шіліңгір ыстығына қарамастан нәтижелі жұмыс жасаған дихандардың еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар алдағы міндет ел ризығын шашпай-төкпей, жауын-шашынға ұрындырмай егінді жинап алу керектігін жеткізді. Осыған сәйкес егілген егінді ысырапсыз мерзімінде жинап алу үшін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов және ауыл әкімдері мен шаруашылық басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөліміне ауыл әкімдері мен ветеринария қызметкерлері тығыз жұмыс жасап, егістікке түсіп, қараусыз, бағусыз жүрген малдардың иелеріне тиісті шара қабылдауды тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026719 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 375 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.