Автор: un_admin

Құрметті депутаттар! Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет. Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін. Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары және Үкімет мүшелері! Қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық. Алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов және жауапты сала басшыларымен бірге 11 мың орындық стадионның құрылыс алаңына барды. Жаңа стадион жанында 1000 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ бар. Ғимараттың батыс секторында спортшылардың жаттығу алаңы, жуыну аймағы және киім ауыстыруға, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған, емдік массаж бөлмелері қарастырылған. Медпункт, допингтік бақылау бөлмесі, комментатор кабиналары, конференц зал орналасқан. Ал шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика және акробатика, күрес, жаттығу залдары, қыздырыну бөлмесі бар. Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтармен және VIP-кабинеттермен қамтылған. 4 автобусқа арналған автотұрағы, жылу қазандығы, қоқыс төгетін орын…

Read More

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 349,7 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 200 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20,2 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген.…

Read More

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды: күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы. Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады: Әлімжан…

Read More

Анонимді арналар «құпия инсайдтар» мен «сахна сыртындағы шындықты» ұсынатындарын айтады. Бірақ шын мәнінде – бұл қоғамдық пікірге қысым жасау технологиясы. Анонимділіктің сыртында манипуляциялар, тапсырыспен жасалған материалдар және бопсалау жасырынған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында мына тақырыптар талданды: — анонимділік неге тиімді; — олардың жарияланымдарының механизмі қалай құрылады; — псевдожурналистер қалай ақша табады; — неге заң ресми БАҚ-қа да, анонимді әкімшілерге де бірдей қатал. Жаңа шығарылымды көріп, өзгенің манипуляцияларына берілмеңіз.

Read More

Былтырдан бері ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жұмыс істейді. Комитет мемлекеттік органдар, интернет-алаңдары және әлеуметтік желілер арқылы қылмысты анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жолға қойды. Осылайша, 8 айдың қорытындысы бойынша 2388 есірткі қылмысы анықталды, 14 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, оның үшеуі трансұлттық. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен 52 белсенді қатысушысы қамауға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, заңсыз айналымнан 13,5 тонна есірткі тәркіленді, бұл ретте оның синтетикалық түрлері өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық, яғни 1 мың тоннадан…

Read More

Қазақстанда жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» кең ауқымды операциясы жүргізіледі. Іс-шара жазғы-күзгі кезеңде, елдің оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткі бар өсімдіктер шығатын маусымда өтеді. Операцияның негізгі мақсаттары – қарасораны өсіруге, дайындауға және шығаруға қарсы тұру, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді. Спикер атап өткендей, арнайы операцияны іске асыру кезінде өсімдіктерді әлеуетті өсіру орындарында, оның ішінде өту қиын учаскелерде күштер мен құралдарды орналастыру қамтамасыз етіледі. Жедел алдын алу шаралары үш кезеңде өткізіледі: дайындық-ұйымдастырушылық…

Read More

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті. – Сіздер осы салада адал еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына мол үлес қосып келесіздер. Бұл нағыз еңбек адамдарына тән қасиет деп санаймын. Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркеюде. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталып…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды: ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Тиесов Данияр Сүйіншілікұлы – «PTC Holding» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі, Өзбекстан Республикасы; «Парасат» орденімен Жәркешов Санжар Серікбайұлы – Энергетика вице-министрі Наушиев Таңбай Есенәліұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы Сармұрзина Раушан Ғайсақызы – еңбек ардагері, Астана қаласы; ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Ян Миньюй – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті, Қызылорда облысы; «Құрмет» орденімен Абдулғафаров Дастан Елемесұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айболғанов Ғаждыбай Демиұлы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ  «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының құбыр жүргізушісі Ахметұлы Бақыбай – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы Ерболатова Нұрбибі Қоңыршақызы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» АҚ жөндеуші-слесарі, Маңғыстау облысы Масақбаев Ергеш Молдаразұлы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ…

Read More

Алматыда денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызметті біріктірген заманауи Almaty Digital Medical Center – Цифрлық медицина орталығы ашылды. Орталық денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп, талдамалық деректі басқармаға жолдайды. Мұндай дерек басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланылады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Орталықта азаматтардың медициналық мәселесіне қатысты өтінішін қабылдайтын 1312 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның арқасында емхана жүктемесі азайып, дәрігерлер пациентке көбірек уақыт бөле алады. Сондай-ақ жоғалған қоңырау саны айтарлықтай қысқарады. Орталықта телемедициналық патронаж және жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшілері енгізілген. Олар пациентті қашықтан бақылауға, мамандардың онлайн-консультациясын ұйымдастыруға, сондай-ақ қала тұрғындарын скрининг, вакциналау және тексеруге автоматты түрде шақыруға көмектеседі. «Бірінші желіде медициналық…

Read More