2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға арналған «Менің жазғы каникулым» атты арнайы бөлім құрылды. Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жалпы, жаз айларында 16-18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, оның ішінде 112 адам 129 түйіндеме жариялады. Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап ресми түрде жұмыс істеуге тек денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға ғана рұқсат етіледі. Осы талаптарға…
Автор: un_admin
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды. Президент осы салада қол жеткізілген жетістіктерді еселей түсіп, «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет цифрлық шешімдер мен ЖИ технологияларын еліміздің экономикалық өсімін жеделдетудің негізгі тетігі ретінде қарастыра отырып, оларды барлық салаға енгізу жұмыстарын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz. Елімізде салаларды цифрлық трансформациялау айтарлықтай нәтиже беруде 2021 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ауқымды цифрлық трансформация аясында Қазақстан Республикасы министрліктерінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, әкімшілік…
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі байқалды. Орташа республикалық көрсеткіш 2,5 пунктке көтеріліп, 2023 жылғы 56,1 баллдан 58,6 баллға жетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Сегіз өңір орташа деңгейден жоғары нәтиже көрсетті — 59,4-тен 64,6 баллға дейін. Көш басында 64,6 балл нәтижесімен Ақтөбе облысы тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пунктке артық. Павлодар облысы да жоғары деңгейін сақтап қалды — 63,3 балл. Елеулі өсім Алматы қаласында (+6,9) және Қостанай облысында (+6,4) тіркелді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бастап Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш өңірлер арасындағы нәтижелерді және халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді,…
Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында әлеуметтік салаға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, өңірлерден келген делегаттар, облыстық басқарма, департамент, инспекция, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысының қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесін республикаға үлгі ретінде қолдануды тапсырған болатын. Екі күндік семинар-кеңестің алғашқы отырысын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ашты. Жиында әлеуметтік саладағы маңызды бастамалар талқыланды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, Туризм және…
Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мәжіліс залында білім саласының ардагерлерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. «Азаматын ардақтаған ел азбайды» деген халық даналығын негізге алған аудан басшысы ардагер ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтті. Аудан әкімі өз сөзінде батыр Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген ұлағатты сөзін мысалға келтіріп, ұстаздық еңбектің қадір-қасиетіне тоқталды. Ардагер ұстаздар еңбегі бағаланды Жиын барысында сала ардагерлері мен жетекшілеріне Құрмет грамоталары, сондай-ақ облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Олардың ішінде: Тұрысбеков Сейітхан Тұрысбекұлы – 40 жылға жуық ғұмырын білім…
Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков кент аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың барысын бақылады. Алдымен аудан басшысы Яссауи және Есабыз көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстарымен танысып, тұрғындармен пікірлесті. Жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан істерге ризашылығын білдірді. Бұл жұмыстарды «Ақбозат LTD» ЖШС жүзеге асыруда. Келесі кезекте әкім Шиелі кенті Жайлыбаев, Жүргенов көшелеріндегі автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Мұнда жаңа асфальт төселіп, аялдамалар және жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарықтары орнатылуда. Сондай-ақ тұрғындардың сұранысына сәйкес, алдағы уақытта кент орталығындағы Д.Смайылов көшесіне де бұл жұмыстар жүргізілмек. Сонымен қатар аудандық аурухана алдындағы автотұрақ кеңейтіліп, халыққа қолайлы жағдай жасалуда. Аталған жұмыстарды…
Тағзым алаңында «Отан қорғау – азаматтық борышымыз» атты әскерге шығарып салу салтанатты шарасы өтті. Салтанатты іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов ашып, сөз сөйледі. Шараға Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Бегманов, құқық қорғау саласының ардагері А.Сармантаев, Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қиылдарының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байжанов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Шиелі шекара бөлімінің бастығының орынбасары, капитан А.Манапов, аудандық мәслихат депутаты Н.Шәлекеева және БАҚ өкілдері мен ата-аналар қатысты. Биыл Тәуелсіз еліміздің айбыны болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл. Биыл ауданымызда көктемгі шақыртылуымен 92 азамат әскерге шақырылған болса, күзгі әскерге шақыртуға 96 азаматты жөнелту…
Фото: Жас Алаш коллаж Дональд Трамп Бейжіңде өткен әскери парад басталған сәтте-ақ Ресей басшысы Владимир Путинді, Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ынды және Қытай төрағасы Си Цзиньпинді АҚШ-қа қарсы қастандық ойластырып жатыр деп мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба жариялады. “Басты сұрақ – Қытай төрағасы Си Қытайға тәуелсіздік алуға АҚШ көрсеткен зор қолдау мен төгілген қанның бағасын ескерді ме, жоқ па? Қытайдың жеңісі жолында көптеген америкалықтар өмірін қиды”, — деді Трамп. Сонымен қатар ол Си Цзиньпинге, қытай халқына және парадқа бірге қатысқан Владимир Путин мен Ким Чен Ынға “мерекелік күндеріңіз құтты болсын” деп тілек жолдады. “АҚШ-қа қарсы астыртын жоспар…
Фото: smartnews.kz алынды Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Кореяның Ресейге қосымша 6 мың сарбаз жіберуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Yonhap агенттігі парламентке жасалған ресми есепке сілтеме жасап хабарлады. Украинаға қарсы соғыста Мәскеуді қолдап отырған Пхеньян бұл қадамды үшінші рет қайталағалы отыр. Бұған дейін, былтырдан бері, Ресейге шамамен 13 мың солтүстіккореялық әскери жөнелтілген. Барлау деректеріне сәйкес, олардың шамамен 2 мыңы Ресейдің Курск облысындағы ұрыстарда қаза татапқан. Айта кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын Курскідегі шайқасқа қатысқандарды «мемлекет қаһарманы» деп таныды. 20 тамызда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейдің Курск облысында Украина Қарулы күштеріне қарсы операцияға қатысқан Корей халық армиясының…
Фото: Orda.kz Өскеменде екі жыл бұрын 600 млн теңгеге жөнделген көпір құлап қалды. Өскеменде Шнайдар көпірінің бір бөлігі опырылып түсті. Бұған дейін оның жөндеу жұмыстарына 600 миллион теңге бөлінген еді. Қала әкімдігі оқиға орнында барлық қажетті қызметтер жұмыс істеп жатқанын және жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады. Өскемен әкімі Алмат Ақышев кейінгі үш күн бойы жауын-шашын мол жауып, өзен деңгейі көтерілгенін айтты. «Кінәлілер анықталса, заң аясында қатаң жауапқа тартылады. Қазір мердігер компания оқиға орнында, кепілдік бойынша көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл көпір қаладағы көлік жүктемесін азайтатын маңызды нысан болғандықтан, оны 2-3 ай ішінде қайта іске қосуға тырысамыз. Қазір…