Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды
Жаңалықтар

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

16.02.2026151 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 48,7 мың тапсырысы орындалды: шамамен 35,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 3,6 мың – ымдау тілі қызметін, 9,1 мың – жеке көмекшінің, 576 – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзі алып кету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 612 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1041 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 776 ымдау тілі және 130 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды бірыңғай байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті

29.05.2026244 Views

Биыл 7 миллионға жуық баланың шотына Ұлттық қордан инвестициялық қаражат түсті

29.05.2026428 Views

Соңғы 10 жылда балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны екі есе азайды

29.05.2026183 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті

29.05.2026

Биыл 7 миллионға жуық баланың шотына Ұлттық қордан инвестициялық қаражат түсті

29.05.2026

Соңғы 10 жылда балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны екі есе азайды

29.05.2026

Жазда «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

29.05.2026

AI-Sana бағдарламасы аясында Қазақстан студенттері 673 мыңнан астам сертификат алды

29.05.2026

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

29.05.2026

Мемлекеттік қызметтердегі жүйелі мәселелерді шешу

29.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.