ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында республикадағы автомобиль өнеркәсібінің дамуы туралы баяндады. Ол автомобиль өндірісі өткен жылы рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау секторының 41,7%-ын құрағанын атап өтті. 171 мыңнан астам көлік шығарылды, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы. Екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, олар – Chery, Haval, Changan брендтері бар Алматыдағы мультибренд зауыты және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты. «Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар өндіріледі», — деді Ерсайын Нағаспаев.…
Автор: un_admin
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі Қазақстан басшылығы және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ерекше назарында. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері полиция органдарының жауапкершілігіне жатады. Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті, ол балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды біріктіреді. Ағымдағы жылды ҚР ІІМ «Заң және тәртіп – балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі» жылы деп жариялады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, кешенді жедел профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда: акциялар, тұрғылықты мекенжайларға бару, мектептерде дәрістер өткізу, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және басқа да жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. «Әр мектепке полиция…
Қазақстанда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Былтыр жол-көлік оқиғалары салдарынан 285 бала қаза тапты. Бұл – жол беруге болмайтын ауыр шығын. Зардап шеккен кәмелетке толмағандардың жартысынан көбі көлік жолаушылары болған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер тасымалдау ережелерін бұзған: балаларды арнайы ұстап тұру құрылғыларынсыз және қауіпсіздік белдігін тақпай алып жүрген. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де байланысты. Қауіп екі тарап үшін де бар. Жол-көлік оқиғалары себептерінің бірі – жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның…
Жоба Алматы облысында тағамдық желатин өндіретін және мал шаруашылығының жанама өнімдерін – тері, сүйек және басқа да коллаген құрамды шикізатты терең өңдейтін зауыт салуды көздейді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына шамамен 10 мың тонна тағамдық желатинді құрайды, деп хаабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Негізгі өнімнен бөлек, коллаген компоненттерін, жемдік ақуыздар мен техникалық майларды өндіру жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі 58 млрд теңге көлемінде бағаланады. Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы тағамдық желатинге деген сұраныс толықтай импорт есебінен қамтамасыз етіледі, бұл ретте елімізде жеткілікті шикізат базасы бар. Қазақстанда мал шаруашылығының жанама өнімдерінің айтарлықтай көлемі қалыптасады, оларды тиімді өңдеу жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді.…
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Қызылорда қаласындағы Достық үйі мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың мәжілісі өтті. Мәжіліс 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды қолдау және оның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Онда референдумның ел дамуы үшін стратегиялық мәні, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі және саяси жаңғыру үдерісіндегі орны жан-жақты талқыланды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық мемлекет қағидаттарын бекемдеуге, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына және елдің тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, тарих және археологиялық білім беру бағдарламасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, модератор Айтжан Оразбақов өз сөзінде…
2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі, ҚР Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы әділ энергетикалық көшуге арналған панельдік сессия болмақ, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Энергетикалық көшу мәселелері көптеген елдер үшін өзекті болып қала береді. Жыл сайын әлемдік энергия тұтыну көлемі артып келеді, бұл энергияның барлық көздерін — мұнай, газ, көмір, атом, күн және жел генерациясын – сақтау мен дамытудың қажеттілігін білдіреді. Басты міндет – энергия көздерін жоққа шығару емес, олардың әрқайсысын неғұрлым таза әрі тиімді ету. Бірқатар елдердің энергетикалық саясаты шамадан тыс жарыс кезеңінен кейін қайтадан теңгерімді және прагматикалық тәсілге басымдық…
ҚР Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру Арнайы мемлекеттік қор қаражаты, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылады. Жаңа мектептердің басым бөлігі Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында салынып жатыр. Қосымша химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып, орнатылады. Соңғы үш жылда 4320 пәндік кабинет сатып алынды. Сонымен…
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің…
Ағымдағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтуде. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Электр станциялары Жүйелік оператор бекіткен режимге сәйкес жұмыс істеуде. Биыл қажетті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында алдағы жылыту маусымына дайындық кестесі бекітілді. Соған сәйкес тиісті жөндеу жұмыстары басталып кетті. 2026 жылы 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Степногорск, Жезқазған қалаларындағы жалпы резервтік мүмкіндігі бар жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ вице-министр отынмен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. «Бүгінде барлық ЖЭО-дағы қазандықтарда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры…
