Автор: un_admin

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компаниялардың құрылымын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, кейбір қызметкерлер пайдалы іспен айналыспай, тек зерігіп жүреді. «Түскі уақытта олар қонақүйлерде отырып, пікір алмасып, шай, кофе ішіп отырады. Ашық айтайын, олар жұмысқа толық жүктелмеген, кейде ештеңе істемей зерігіп жүреді. Интернетте отырады, тіпті күмәнді пікірталастарға да қатысады. Ашық айтсам, бұл жақсылыққа апармайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Read More

Көп адам ай сайын табыс тауып отырса да, ай соңында «ақша қайда кетті?» деген сұраққа жауап таба алмайды. Мәселе көбіне табыстың аздығында емес, ақшаға деген күнделікті қарым-қатынаста жатыр. Қаржыны басқаруда қайталана беретін ұсақ қателіктер уақыт өте үлкен қиындыққа айналады. Ең кең таралған қателіктің бірі — ақшаны есептемеу. Кіріс пен шығын қағазға немесе қосымшаға жазылмаса, қаржы ағыны көзге көрінбейді. Ақша бар сияқты сезіледі, бірақ нақты қайда жұмсалып жатқаны белгісіз болады. Мұндай жағдайда жоспар құру да, үнемдеу де мүмкін емес. Келесі мәселе — ұсақ шығындарды елемеу. Күн сайынғы кофе, жеткізу қызметі, қажет емес жазылымдар бір қарағанда аса маңызды емес көрінеді. Алайда дәл…

Read More

Мемлекеттік кеңесші,  Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының мәтіні аударма емес екенін айтты.  – Көпшіліктің талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы бойынша жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде жаңа Конституцияның мәтіні 1995 жылы қабылданған Ата Заңмен салыстырғанда сапалық, мазмұндық тұрғыдан жақсарды, ұғынықты, түсінікті, оқылымды бола түсті. Мұны әлеуметтік желіде көптеген азаматтар мойындап отыр. Бұл мәтін 1-2 аптада емес, бірнеше айға созылған күрделі жұмыстың нәтижесі. Мемлекеттік тілдегі жаңа Конституция жобасы – бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба – о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Яғни, ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан…

Read More

Оқиға Ақтөбе облысының Ақкемер ауылы маңында болды.  Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер тексеріп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе қаласы бағытында қозғалып келе жатқан жүргізушілердің біреуі жүк көлігін дер кезінде байқамай қалған. Соның салдарынан бірнеше көлік бірінен соң бірі соқтығысып, жаппай жол-көлік оқиғасы орын алған. Жалпы саны 10 көлік апатқа ұшырап, жол уақытша жабылды. – Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және арақашықтықты дұрыс ұстауға шақырады, – деді Ақтөбе облыстық…

Read More

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Біздің басты мақсатымыз – қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру. Сарапшылар әлем экономикасының өсімі баяулап, халықаралық сауда қарқыны әлсірейді деген болжам жасауда. Дамушы елдерге салынатын жаһандық инвестиция көлемі азайып барады. Қаржы саласы тоқырауға ұшырауы мүмкін. Бүгінде көптеген ел өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп жатыр. Мемлекеттер арасында өзара тарифтік шектеу қою үрдісі белең алды. Жаһандану үдерісі кері сипат ала бастады. Мұның бәрі әлемдегі геосаяси ахуалды өзгертіп жатыр. Бірақ негізгі әрі шешуші оқиғалар әлі алда. Дүниежүзінде мүлде жаңа үдерістер пайда болуда. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін біз осы өзгерістерге экономикалық…

Read More

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту тақырыбында жиын өтті. Оған салалық министрліктер басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Өңірдің денсаулық сақтау саласында бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейі 7,1%-ға төмендеген. Сонымен қатар шешімін күткен мәселелер де бар. Атап айтқанда, интервенциялық көмектің қолжетімділігін арттыру, скрининг сапасын жақсарту және кадрлық әлеуетті нығайту бағытында нақты шаралар қабылдау қажет. Облыстың білім беру жүйесін дамыту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өңірдегі 30 колледжде 593 кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту жүйесі сәтті енгізілген. Мектептерде цифрландыру…

Read More

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Үкімет отырысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Жиында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы баяндама жасады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев тоқталды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы есеп берді. Кеңейтілген отырысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорытындылады. Мемлекет басшысы ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістердің маңызын атап өтті. «Қызылордада өткен…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан салынатын кітапхана мен драма театрдың құрылыс алаңына барды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында жаңа драма театр және тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салу туралы айтқан болатын. «Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде. Заманауи, көпфункционалды кітапхана салуға инвестор есебінен 20 млрд. теңге қаралған. Бұл еліміздегі кітапхана инфрақұрылымын дамытуға, оқырмандарға қолжетімділікті арттыруға және өңірлерде ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған. Жоба бойынша ғимараттың аумағы…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеумбетов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов,зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің ашылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы саладағы жаңашылдықтарға, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуда атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Президентіміз «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – еліміздегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші», – деген болатын. Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі…

Read More

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында соңғы жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйі мен ғимараттардың сапасына зерделеу жүргізді. Қазалы ауданында соңғы төрт жылдың ішінде барлығы 14 әлеуметтік нысан халық игілігіне берілген. Олардың қатарында спорт кешендері, дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйлері, мектептер мен балабақшалар бар. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында 2 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі нысандарды аралау барысында Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ғимараттардың ішкі-сыртқы жағдайын, инженерлік желілерінің жұмысын, жылу, жарық, санитарлық талаптардың сақталуын да жеке…

Read More