Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 050 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы өңірде нақты нәтижесін беруде. Бағдарлама аясында қала бойынша 46 жобаға 359 млн 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бұл ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына және табысын арттыруына мүмкіндік жасады. Бұл туралы Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
«Қызылорда қаласында «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы өнеркәсіп саласындағы 20 жоба қолдау тауып, жалпы көлемі 627 млн теңге қаржыға қол жеткізді. Бұл бастамалар өндірістік әлеуетті арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашты. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдауда екінші деңгейлі банктердің де үлесі зор. Осы арна арқылы 86 кәсіпкер жалпы сомасы 4 млрд 600 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өз ісін кеңейтуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлер саны 35 мыңнан асып, бұл салада жұмыспен қамтылған азаматтар саны 63 мыңға жетті», — деді қала әкімі Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан өндірілген өнім көлемі 374 млрд 752 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, құны 240 млрд теңге болатын 16 жаңа инвестициялық жоба іске асырылды.
«Инвестициялық жобалармен қатар, қаладағы сауда инфрақұрылымын жаңғыртуға да басымдық беріп отырмыз. Қазіргі таңда тұрғындар арасында “Жаңа базар” және “Ескі базар” аталып кеткен екі ірі сауда орталығы кезең-кезеңімен қайта жаңартылуда. Аталған жобалар қала экономикасын әртараптандыруға, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына оң ықпал етуде», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.