Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНА ГАЗ ҚОСЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНА ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

19.02.202644 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сабалақ елді мекеніне газ қосу рәсімі өтті. ОғанПарламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты.
Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Мемлекет басшымыз Қасым-ЖомартКемелұлықаламызда өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, аймағымыздың барлық салада қарқынды дамығанын ерекше атап өтті. Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Тарихи миссиясы маңызды жиында Мемлекет басшымыз Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталғанын, алдағы уақытта 500 орындық емхана мен 200 орындық перзентхана салынатынын, жаңа драма театр мен заманауи Президенттік кітапхана құрылысы басталатынын жариялады.«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолын төрт жолақты етіп кеңейту жобасы, «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы биыл қолға алынатынын айтты. Бұл – Мемлекет басшымыздың Сыр жұртшылығына ыстық ықыласы, тұрғындарымыздың бекем бірлігі мен тату тірлігінің нәтижесі!
Халқымызда «Мұраты бірдің қуаты бір» деген сөз бар. Ауылдың дамуы, келешегі Сіздерге, тұрғындардың еңбекқорлығымен ауызбірлігіне байланысты. Сабалаққа қосылған көгілдір отын халықтың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз!», – деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар және мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Абдуламитұлы, Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Нәлқожаұлы құттықтау сөз сөйледі. Қызылорда қаласының құрметті азаматы Сайлаубай Әбішев батасын берді.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында 80-ге жуық саяжай бар, оның 10-ға жуығында халық тығыз қоныстанған. Осыған байланысты бас жоспарға өзгерістер енгізіліп, бірқатар саяжайға «Тұрғын үй аумағы» мәртебесі берілді.
Сабалақ саяжайы қала шекарасына енгізіліп, инфрақұрылым жеткізуге мүмкіндік жасалды. Соңғы төрт жылда бұл аумаққа 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 22 шақырым ауыз су магистралі тартылды. Су мұнарасы орнатылып, электр желісі жүргізілді, 20-ға жуық көшеге орташа жөндеу жасалды.
Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Орда скул-2» жеке мектебін мемлекет меншігіне берді.
Сабалаққа 3,2 млрд теңгеге газ тартылып, 1 694 үйге көгілдір отын қосылады. Алдағы уақытта басқа да саяжайларға кезең-кезеңімен инфрақұрылым жүргізіледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2026 жылы Қазақстанда қандай энергия нысандары іске қосылады

17.02.2026119 Views

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады

17.02.2026288 Views

2029 жылға қарай жиынтық инвестициялар $400 млрд-қа жетеді

17.02.2026691 Views
Соңғы жаңалықтар

САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНА ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

19.02.2026

2026 жылы Қазақстанда қандай энергия нысандары іске қосылады

17.02.2026

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады

17.02.2026

2029 жылға қарай жиынтық инвестициялар $400 млрд-қа жетеді

17.02.2026

Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылады

17.02.2026

ҚР ІІМ: жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді

17.02.2026

60 мыңнан астам жас инспектор жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

17.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.