Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Инжинирингтік паркінің» іргетасын қалау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, басталған іске сәттілік тіледі. «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жасанды интеллектіні дамыту, бұл – ұран емес, бұл экономикалық идеологияның негізгі тірегі, тіпті ұлттық идеологиямыздың мызғымас тұғыры болуға тиіс»,– деп цифрландырудың басты міндеттерін орындауды тапсырды. 2023 жылы Қазақстандағы Корея Республикасы Бас Консулдығының ресми шақыртуымен облыстан арнайы делегация Оңтүстік Кореяға барған болатынбыз. Сапар барысында екіжақты кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. СеулТех университетімен білім, ғылым саласында тиімді байланыстар орнатылды. Нәтижесінде…
Автор: un_admin
«Анаға тағзым» орталығында аймақтың 7 аудандағы «Руханият» орталықтарымен тәжірибе алмасуға бағытталған «Рух керуені» кешенді жобасы бастау алды. Мәдени-танымдық бастама 3 кезең бойынша ұйымдастырылып, әр ауданның рухани әлеуетін арттыруды, жергілікті қоғамдастықтың мәдени белсенділігін арттыруды, мамандардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына жағдай жасауды көздейді. «Руханият» орталықтарының жұмысын жаңа деңгейге көтеру және тәжірибе алмасу мақсатында 30-31 наурыз күндері «Анаға тағзым» орталығында жобаның алғашқы кезеңі оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылуда. Екі күндік семинар аясында ҚР Үкіметі жанындағы жобалық кеңсенің өңірлік менеджері Индира Ақжігітова мекемелердің даму траекториясын талдау және стратегиялық жоспарлау негіздері бойынша сараптама-сессиясын өткізсе, маркетолог және жасанды интеллект креаторы Жазира Жүнісова жасанды интеллект құралдарын заманауи коммуникация драйвері…
Қызылордада Достық үйінде «Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау» атты аймақтық сарапшылар платформасы өтті. 15 наурыздағы республикалық референдумнан кейінгі ел өміріндегі тарихи белесті бағамдаған бұл жиынға зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Басқосудың басты өзегі – жаңарған Ата Заңның қоғам өміріне, әсіресе өңірлік даму үдерістеріне тигізер ықпалын ғылыми-сарапшылық тұрғыдан зерделеу болды. Жиынды Қорқыт ата атындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі Наурызбай Байқадамов ашып, жаңа Конституцияның мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап…
Биыл Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны – 44,6 млрд теңге. Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Аталған жобаларды іске асыру агроөнеркәсіптік салаға инвестициялар тартуға, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы. Бағдарлама аясында 4 млрд теңге қарастырылып, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, 1,5 млрд теңге «Alfalfa»…
Салық кодексінде қамтылған негізгі бағыттардың бірі – салықтық әкімшілендіруді цифрландыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйесіне IT-аудит жүргізілді. Оның нәтижесінде МКК жаңа ақпараттық архитектурасын жасады: 14 жүйенің орнына 5 жүйе қалды – SDF, СӘИЖ, ТБЖ, ЭШФ, Кеден (АСТАНА-1). Үш жаңа жүйені (СӘИЖ, SDF, Кеден (АСТАНА-1)) енгізу микросервистік архитектураға көшуге, бизнес-процестерді тиімділігін арттыруға және үлкен деректерді өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, жаңа жүйелер микроқызмет архитектурасына өтуге, бизнес-процестерді тиімді ұйымдастыруға және үлкен деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. СӘИЖ жүйесі салықтық әкімшілендірудің…
Заңнамаға платформалық жұмыспен қамтуды дамыту және интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың табысын заңдастыру мақсатында өзгерістер енгізілді. Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оның ішінде интернет-платформаларда жұмыс істейтіндерге арналған арнайы салық режимі енгізілді. Қазіргі таңда 33 платформамен интеграция жүргізілген, оның ішінде 27-сі салық агенті функцияларын атқарады, тағы төртеуі тестілеу кезеңінде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді. «Платформалар арқылы жұмыс істейтіндердің саны 369,1 мың адамды құрайды, олар үшін 1,1 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер аударылған. Қазіргі уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режиміне…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты. ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Инновациялық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобаларын көрсетті. Хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуді көздейтін заманауи платформа ретінде құрылған. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20,55 миллион доллар инвестиция тартылды. Орталықта ZTE, BASF, Binlin технологиялық корпорацияларының, сондай-ақ басқа да шетелдік жетекші ғылыми ұйымдардың зерттеу алаңдары орналасқан. Бұдан бөлек, мұнда ҚазҰУ-дің ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Президентке университет жалпы құны 1 миллиард…
2024–2025 жылдары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды. Оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы, 112 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 52 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы қысқартылды. Барлық нысан бірыңғай стандарт бойынша салынған және қалаларда да, шалғай елді мекендерде де балаларға бірдей жоғары деңгейдегі білім алу жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 87 мектеп немесе 40%-ы ауылдарда салынды, бұл сапалы білімнің қолжетімділігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты азайтты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі…
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында буллингтің алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ғимараттарда бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек аймақтарда орналастыру қарастырылған, бұл білім алушылардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер бөлінген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді. Мектептерде лифтілер, пандустар, арнайы бағыттаушы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері орнатылған. Жаңа форматтағы мектептердің ерекшелігі – әр блокта оқушылар мен мұғалімдерге арналған демалыс аймақтарының болуы. Демалыс бөлмелері жұмсақ жиһазбен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған. «Мектептер…
Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Бұл қызмет алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында Астана – Алматы бағытында пилоттық жоба ретінде іске қосылып, жолаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Кейіннен сервистің ауқымы кеңейтіліп, Астана – Өскемен бағыты да қамтылды. Қазіргі уақытта спутниктік интернет аталған екі негізгі бағытта қатынайтын Talgo поездарында қолжетімді. Технологиялық тұрғыдан бұл жүйе «Jusan Mobile» операторының қатысуымен және «OneWeb» төмен орбиталы спутниктік жүйелерінің…
