Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады. Бастаманың басты мақсаты – дәрігерлер мен орта медициналық персоналды ауқымды оқытуды қамтамасыз ету, заманауи білім беру бағдарламалары мен практикалық-бағдарлық даярлау әдістерін енгізу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жыл басынан бері бүкіл ел бойынша жүздеген жалпы практика дәрігері мен мейіргер тренингтен өтті. Мамандардың ең көп саны Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында даярланды. Бағдарлама үш жылға арналған. 2027 жылға дейін 6 788 медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда. Оның 2 135-ін жалпы практика дәрігері, 3 051-ін орта медицина қызметкері құрайды. Бағдарламаға профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру да енгізілді: 828 медициналық колледж оқытушысы…
Автор: un_admin
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Ustem Foundation қоғамдық қоры, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi, «Қазақтелеком» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да отандық жетекші компаниялар мен ұйымдар ЖИ саласындағы жобаларын көрмеге қойған. Экспозициялар білім беру, мәдениет, логистика, «ақылды қала» технологиялары секілді ауқымды бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар туристік онлайн қызметтері, генеративті ЖИ платформалары, В2В-агенттері мен AITU отандық мессенджері таныстырылды. Көлік бағытында жаңа буынды 5G базасында тасымалды басқару мен телекоммуникацияға арналған ЖИ негізіндегі кешенді жүйелер көрсетілді. Аталған іс-шара еліміздегі цифрлық технологияның қарқынды дамуын, сондай-ақ жасанды интеллектінің…
Бүгін Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов қатысты. Сонымен қатар, басқосуда аймақтың жауапты сала басшылары, агенттік қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды. Н.Нәлібаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі. «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Мемлекет басшымыз «Әділетті Қазақстанды құру үшін…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен,жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті. Әлем чемпионын жарқын жеңісімен құттықтау үшін басқосуға облыстың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен жергілікті спортшылар қатысты. Аймақ басшысы бұл жеңіс Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мәртебесін арттырғанын айтты. «Бүгін – біздің өңіріміз үшін ерекше қуанышты күн.Спорт әлеміндегі биік белесті бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын төрткүл дүниеге танытқан жерлесіміз, мақтанышымыз Айдос Сұлтанғалиұлын грек-рим күресінен Әлем чемпионы атануымен құттықтау үшін арнайы бас қостық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор», – деп…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Жүйелі қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбында IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жыл сайын өңірлермен, ірі бизнес субъектілерімен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізіп келеді. Басқосуға «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, қор қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өңір тұрғындарына көрсеткен қолдауы жайлы айтты. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау…
Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыс әкімдігі және Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты азаматтық форум өтті. Оған Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Орталық Азиядағы Еуразия қорының директоры Ринад Темірбеков, еліміздің бірқатар өңірінен қонақтар мен жауапты сала басшылары қатысты. Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты. «Бүгінде еліміздің дамуын айқындайтын көрсеткіштердің бірі – азаматтық…
Бүгін, «Руханият» орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Шараның алғы сөзі аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Абдулхайысұлына берілді. «Шарайна-Сейхун» басылымының директор-редакторы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Нұрмахан Елтай «Заң және тәртіп» туралы баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жантас Қасымов, Молдабекова Гүлнар, Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешов жолдау жайлы мәлімет баяндады. Шара аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.
Бүгін Қожакент ауылдық мәдениет үйінде «Қожакент» ауылының негізін қалаушылардың бірі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қоғам қайраткері Амантай Әпетұлы мен Батыр ана, қажы Ұлданай Әбдікерімқызының рухтарына арналған «Ұмытылмас із, өшпес өнеге» атты еске алу шарасы өтті. Саналы ғұмырын елінің дамуына жұмсаған еңбек адамы Амантай Әпетұлы «Қожакент» ауылының негізін қалаушылардың бірі болды. Бүкіл білімін, тәжірибиесін, қайратын елінің мұрат-мүддесіне арнап, Жаңақорған өңірінің ауыл шаруашылығы саласының дамуына орасан үлесін қосты. Өзі өсіп-өнген ауылда орны ерек, болмысы бөлек жандардың қатарында Батыр ана, қажы Ұлданай Әбдікерімқызының есімі ерекше аталады. Ол алдыңғы апаларының салтын сақтап, үрдісін жалғаған Ана, Тұлға. Өзінің табиғи болмысына сай қажы атанып, көпке үлгі…
Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Өткен аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 10 қосалқы станса мен 100 тарату пункті жөнделді, 13 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды. Жалпы, 6 энергоблок, 29 қазандық, 16 турбина және 293 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өткен Үкімет отырысынан кейін Степногорск қаласындағы жылу желілерінде барлық жұмыстар аяқталғанын баяндады. Аягөз қаласы да жылыту маусымының басталуына дайын. Орал қаласында бір апта ішінде тағы 20% жұмыс аяқталды, жалпы прогресс 85%-ды құрайды. Аягөз қаласының орталық қазандығындағы №3…
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды. Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.