Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды
Жаңалықтар

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026132 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2024–2025 жылдары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды. Оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы, 112 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 52 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы қысқартылды. Барлық нысан бірыңғай стандарт бойынша салынған және қалаларда да, шалғай елді мекендерде де балаларға бірдей жоғары деңгейдегі білім алу жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 87 мектеп немесе 40%-ы ауылдарда салынды, бұл сапалы білімнің қолжетімділігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты азайтты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, мектептерді салу Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер есебінен екі механизм арқылы жүзеге асырылды. Бірінші механизм – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы арқылы «кілтпен тапсыру» форматында орталықтандырылған құрылыс, оның аясында 208 мектеп салынды. Бұл тәсіл сапаның бірыңғай стандартын сақтауға, мерзімдерді орталықтандырылған бақылауға және сатып алу рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік берді. Екінші механизм – жергілікті атқарушы органдардың жеке инвесторлар салған және белгіленген талаптарға сәйкес келетін дайын мектептерді сатып алуы. Бұл механизм бойынша 9 мектеп іске асырылды, оның ішінде 1 мектеп Астанада және 8 мектеп Алматыда.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі ұлттық жобаның іске асырылуына жалпы бақылауды, оның ішінде үйлестіруді, мониторингті және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Ал, тікелей құрылыс жұмыстары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бақылауында болды. Жобаны іске асыруға шамамен 30 мемлекеттік орган мен ұйым, оның ішінде 20 өңірдің әкімдігі қатысты.

«Құрылыс барысында негізінен отандық өндірістің заманауи материалдары пайдаланылды. Осылайша жоба ұлттық экономика мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуына мультипликативтік әсер етті. Барлық мектептер типтік жобалар бойынша салынып, сыйымдылығы 300-ден 2500 оқушы орнына дейінгі 7 санатқа біріздендірілді. Бұл құрылыс сапасына бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, іске асыру мерзімдерін оңтайландыруға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді», – деді Жайық Шарабасов.

Қосымша кепілдік міндеттемелер қарастырылған: ғимараттардың құрылыс-конструктивтік бөлігіне 5 жыл, ал жабдықтар мен жиһаздарға 3 жыл кепілдік мерзімі белгіленген. Бұл нысандардың сапасын және олардың кейінгі пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

«Эргономикалық кеңістік – жаңа форматтағы мектептердің басты артықшылықтарының бірі. «Келешек мектептері» жобасындағы мектептердің ауданы бұрынғы типтік жобалармен салыстырғанда орта есеппен 15–20%-ға ұлғайтылған, ал техникалық жабдықталу деңгейі 4 еседен астам жоғары», – деп қосты вице-министр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.