Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ «ИНЖИНИРИНГТІК ПАРКІНІҢ» ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ «ИНЖИНИРИНГТІК ПАРКІНІҢ» ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

31.03.2026125 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Инжинирингтік паркінің» іргетасын қалау рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, басталған іске сәттілік тіледі.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жасанды интеллектіні дамыту, бұл – ұран емес, бұл экономикалық идеологияның негізгі тірегі, тіпті ұлттық идеологиямыздың мызғымас тұғыры болуға тиіс»,– деп цифрландырудың басты міндеттерін орындауды тапсырды.
2023 жылы Қазақстандағы Корея Республикасы Бас Консулдығының ресми шақыртуымен облыстан арнайы делегация Оңтүстік Кореяға барған болатынбыз. Сапар барысында екіжақты кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. СеулТех университетімен білім, ғылым саласында тиімді байланыстар орнатылды.
Нәтижесінде сол жылы 6 қарашада Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлесіп, жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізуге білікті кадрлар дайындау үшін Қорқыт Ата университетінде Қазақстандағы алғашқы Жасанды интеллект институты ашылды.
Бүгінде институтта 240 студент, оның 200-і бірлескен білім беру, 40-ы қосдипломды бағдарлама бойынша оқиды. Болашақ мамандар аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін береді деп сенеміз.
Қорқыт Ата университетіне қырық жылдан астам уақыттан бері жаңа оқу ғимараты салынбаған. Инжинирингтік парк қаламыздың сәулетіне ерекше көрік беретін заманауи нысан болады. Алдағы уақытта да талантты, дарынды жастарымызды қолдауға, әсіресе ғылымды дамытуға бағытталған жұмысты жалғастырамыз»,– деді аймақ басшысы.
Айта кету керек, 90 жылдық тарихы бар университетте ғылымды дамыту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында 580 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Оқу орнында 155 мамандық бойынша 11 мыңнан астам студент білім алады, оның ішінде 5 375-і мемлекеттік грант, 5 690-ы ақылы негізде оқиды.
Соңғы бес жылда білім алушылар санының өсуі мен ғылыми жобаларды қаржыландырудың артуы есебінен университеттің табысы үш есе ұлғайған. 2020 жылдан бері материалдық-техникалық база, Ботаникалық бақ қайта жаңғыртылды.
Студенттердің инновациялық идеялары мен стартап-жобаларын іске асыратын бизнес-инкубациялық орталық бар. 2020-2025 жылдары университет әлемдік рейтингтерге алғаш рет енді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026101 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026258 Views
Соңғы жаңалықтар

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.