Автор: un_admin

Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кеңесті ашқан Премьер-министр жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде адамға бағдарланған саясаттың бекітілгенін атап өтті. Бұл қабылданатын барлық  шешім ең алдымен азаматтар үшін нақты нәтижеге бағытталуға тиіс екенін білдіреді. Мемлекет басшысы айқындаған басым міндеттердің бірі – әлеуметтік саланы, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет. «Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ұлт денсаулығына бөлінетін қаражаттың жымқырылуын басты…

Read More

Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері, барлық ауданнан келген делегаттардың қатысуымен еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» ашылды. Аймақ басшысы өңірдегі серпінді жобаларға тоқталып, жаңа орталық ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. «Наурызнама бойынша бүгін – Жаңару күні. Айтулы мерекеде Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен салынған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған сәулетті, жаңа заманауи «Құзыреттілік орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Қаламызға көрік беретін жаңа, әсем ғимаратымыз құтты болсын! Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қоғамның түрлі саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Бұл – экономиканы дамыту және…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңінің басталу рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты республикалық маңызы бар автомобиль жолы құрылысының басталуымен құттықтап, жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Биыл – еліміз, өңіріміз үшін тарихи маңызды жыл. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын…

Read More

Жаңақорған ауданында жаңадан шаңырақ құрған жас жұбайлар Абуали Әзімханұлы мен Алтынай Мақсатқызы республикалық референдумда №340 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Олар осылайша ел ертеңінің негізі қаланып жатқан сындарлы сәтте азаматтық белсенділіктерін байқатты.Жас отбасы дауыс беру учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Жас жұбайлар жаңа өмір бастаған отбасылары үшін де, елдің келешегі үшін де бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы зор екенін атап өтті. Сондықтан олар халықпен бірге өз таңдауларын жасап, ел дамуына үлес қосуды парыз санайтындарын жеткізді.

Read More

Арал ауданында дауыс беруге келген тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қол күресі, арқан тарту, гир көтеру және асық ату жарыстары өтті. Әр жастағы тұрғындар белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар күш-жігері мен ептілігін көрсетіп, ұлттық спорт түрлерінің маңызын дәріптеді. Сайыс тартысты өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Read More

Сазды ауылының жастары дауыс беруге ерекше форматта – мотоциклдермен келді. Мотошеруге қатысушылар ауыл көшелерімен жүріп өтіп, бір мезетте сайлау учаскесіне жетті. Шеруге қатысқан жастар ұлттық киім киіп, қазақтың салт-дәстүрін дәріптей отырып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Бүгін достарымызбен бірге, мотоциклмен дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадық. Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірлігі мен белсенділігін көрсететіні анық. Әрбір дауыс – мемлекет болашағы үшін маңызды деп ойлаймын, менде өз болашағым үшін таңдау жасадым» – деді Алматов Асылжан.

Read More

Оның айтуынша, бұл маңызды саяси науқан елдің дамуына әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол тұрғындардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті. — Бүгін еліміз үшін маңызды, тарихи сәт. Бұл – азаматтардың өз құқықтарын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды мәселелерге қатысты пікір білдіретін жауапты кезең. Осындай сәтте әрбір азамат заңмен берілген құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасайды. Мен де елімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл референдум мен үшін тек дауыс беру ғана емес, еліміздің даму жолына өз үлесімді қосу мүмкіндігі болды. Баршаңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін.

Read More

Бүгін Қызылордадағы №260 сайлау учаскесіне ерекше қонақ келді. Сыр елінің рухын бейнелейтін Көк бөрі референдумда өз таңдауын жасады. Қала жастарына жақсы таныс образ батылдық пен жеңістің символы. Көпшілік оны Қызылорданың намысын қорғайтын FC KAYSAR командасының рухымен де байланыстырады. Айта кету керек, Көкбөрі 2026 жылғы республикалық референдумның Қызылордалықтар үшін басты кейіпкеріне айналып үлгерген. Учаскеге келген тұрғындар «Көк бөрімен» суретке түсіп, ерекше атмосферада өз дауыстарын берді. Сыр өңірінде бүгінгі күн тек дауыс беру күні ғана емес, бірлік пен белсенділіктің күні болды.

Read More

Бүгін Астана опера театрында Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Магоммед оглы Панахов елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумға қатысты пікірін білдірді. Спикердің айтуынша әзербайжандық бақылаушылар елуге жуық сайлау учаскесінде болып, референдумға келген халықтың белсенділігін байқаған, деп жазады Egemen.kz. Әзербайжаннан жиырмадан астам бақылаушы келген. Делегация құрамында парламент мүшелері, Орталық сайлау комиссиясының мамандары мен Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері бар. Олар таңертеңнен бастап әртүрлі сайлау учаскелеріне бөлініп, референдум барысын қадағалап отыр. «Бүгін шамамен елуге жуық сайлау учаскесінде болдым. Кеш батқанша Әзербайжан делегациясының өкілдері бақылау жүргізіп жатқан барлық учаскелерді аралап, қандай да бір заң бұзушылық немесе проблемалар бар-жоғын сұрап шығамын. Қазірге ондай олқылықтар орын алған…

Read More