Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Олжас Бектенов: Қазақстан геологиялық барлауды күшейтеді және саланы дамыту үшін жаңа инфрақұрылым құрады
Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Қазақстан геологиялық барлауды күшейтеді және саланы дамыту үшін жаңа инфрақұрылым құрады

03.04.2026163 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia (GECA 2026) халықаралық геологиялық форумына қатысты. GECA 2026 форумы халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компаниялар өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Геологиялық форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, ел экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін геологиялық барлаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Биыл – шын мәнінде, Қазақстан үшін тарихи жыл. Экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғырту ісіне тың серпін берген жаңа Конституция қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда еліміздің азаматтары нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды бастамаларына жаппай қолдауын білдірді. Қазірден бастап мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға және адам капиталын дамытуға бағытталған Ата заңның нормаларын жүзеге асыруға біз айрықша көңіл бөліп отырмыз. Аталған өзгерістер экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, соның ішінде геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталған геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жүйелі реформалар жүзеге асырылуда.

Мұндағы маңызды қадам қызметтерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай порталын іске қосу болып отыр. Мәселен, «Бірінші келді – бірінші алды» деген әлемдік озық тәжірибенің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үдерістері айтарлықтай жеңілдетілді. Бұл соңғы үш жылда геологиялық барлауға шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

Қорлар бойынша есептіліктің халықаралық стандарттары енгізілді. Алдағы уақытта геологиялық зерттеулерге орнықты көзқарас қалыптастыру үшін 1:50 000 масштабындағы геофизикалық карталарды жасақтау қолға алынды.

Бүгінде елімізде геологиялық саланы дамытудың заманауи және технологиялық моделі қалыптасуда. Ұзақмерзімді басымдықтар қатарында – техногендік минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға тарту, жерасты суларының кен орындарын түгендеу бойынша жүйелі жұмыс, сондай-ақ саланың цифрлық трансформациясы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті жаңа формация мамандарын – геологтер, инженерлер мен сарапшылар даярлау бар. Астанада сараптамалық зертхана, керн қоймасы және геологиялық ақпарат қоры бар геологиялық кластер құрылуда. Орталық кадрлық әрі техникалық ресурстарды біріктіреді және салалық зерттеулерді жеделдетуге ықпал етеді.

Қазақстан елеулі минералды-шикізаттық әлеуетке ие және оны инвесторлар пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу бойынша басым аймақтардың бірі ретінде қарастырады. Елімізде шамамен 10 мың кен орны бар, шикізаттың негізгі түрлері бойынша қорлардың жалпы көлемі 2,3 мың тоннадан астам алтын, 4,3 млрд тонна мұнай, 3,8 трлн текше метр газ, 33,5 млрд тонна көмір және 26,7 млрд тонна темірді құрайды. Ресурстық базаның едәуір бөлігін сирек жер металдары, оның ішінде 2025 жылы ашылған 800 мың тоннаға жуық церий, неодим, иттрий және басқа да элементтердің қоры бар «Құйрықтыкөл» кен орны құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш шамамен 2,04 млн шаршы шақырымға жетті. Жер қойнауын геологиялық зерделеуді қаржыландыру 10 есеге ұлғайтылғаны және алдағы 3 жылда шамамен $500 млн-ды құрайтыны атап өтілді.

Форум барысында цифрлық технологиялар мен ЖИ енгізе отырып, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға назар аударылды. Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Өзбекстан Республикасы тау-кен өнеркәсібі және геология министрінің орынбасары Рустам Юсупов, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Геология бас басқармасының басшысы Илхомджон Оймухаммадзода және тағы да басқалар өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде ұсыныстар айтып, пікір білдірді.

Форумға қатысу аясында Премьер-министр «Жас геолог» стендін, минералдардың экспозициясын және геологиялық кластер макетін аралап көрді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.