Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026226 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Президентке 2025 жылдың қорытындысы мен биылға арналған міндеттер таныстырылды.

Жұлдыз Сүлейменова жаңа Конституция құндылықтарын ілгерілету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық білім беру стандарттары әзірленді. Сондай-ақ мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бастауыш білім берудің мазмұнына жүйелі талдау жасалғаны баяндалды. Мектеп бағдарламалары оқу, жазу және есептеу дағдыларына басымдық бере отырып, қайта қаралуда.

Мемлекет басшысына «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 білім ошағының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді.

Саланы цифрландыру бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Бүгінде мектептердің 99 пайызы интернетке қосылды. «Әлеуметтік әмиян» жобасы 6760 мектепке енгізілген. Дипломдар, аттестаттар мен анықтамалар цифрлық форматқа көшірілді. «Ұстаз» платформасы педагогтерді аттестаттау үдерісін толығымен автоматтандыруға жол ашады. 240 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні қолдану бойынша қайта даярлаудан өтті, тағы 200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына сай ЖИ-ассистентті пайдалану машығын меңгеруде.

Министр инфрақұрылымды дамыту мақсатында 184 білім беру нысаны іске қосылғанын жеткізді. Үш ауысымды 80 және апатты жағдайдағы 31 мектептің мәселесі шешімін тапты. 209 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1192 пәндік кабинет заманауи қондырғылармен жабдықталды. Балабақшаға кезек 2 есеге жуық қысқарды.

Президент білім сапасын арттыру және оны қолжетімді ету, мектептердегі орын тапшылығын азайту, жұмысшы мамандарды даярлау жүйесін дамыту, бюджет қаржысын тиімді жұмсау, саланы цифрлық тұрғыдан трансформациялау, соның ішінде Qazaq Digital Mektebi жобасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы үш жылда «Келешек мектептері» жобасының озық тәжірибесін білім беру ұйымдарына енгізу маңызды деп санайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026217 Views

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026622 Views

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026475 Views
Соңғы жаңалықтар

KazGASA — болашақ архитектурасы мен құрылысын қалыптастырушы инженерлік мектеп

16.04.2026

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026

Сонымен, субсидия… Біз көтерген мәселеге АШМ не дейді?

16.04.2026

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты

16.04.2026

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

15.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.