Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Қоғам»KazGASA — болашақ архитектурасы мен құрылысын қалыптастырушы инженерлік мектеп
Қоғам

KazGASA — болашақ архитектурасы мен құрылысын қалыптастырушы инженерлік мектеп

16.04.202628 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгінде KazGASA — жай ғана сәулет университеті емес, Қазақстанда жаңа инженерлік мектепті қалыптастырып отырған орталық. Мұнда білім беру саланың технологиялық өзгерістерімен тікелей байланысты BIM, жасанды интеллект, дрондар, роботтандыру және сейсмикалық қауіпсіздік сияқты бағыттар оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізілген.

Экономиканың қарқынды цифрлық трансформациясы мен білім беру жүйесіндегі ауқымды реформалар аясында академия мемлекеттік деңгейде қалыптасып жатқан жаңа тәсілдерді іс жүзінде жүзеге асыруда. Нәтижесінде мұнда мамандар даярлаудың жаңа моделі қалыптасқан және ол тәжірибеге бағытталған, технологиялық және саланың нақты процестерімен тығыз интеграцияланған.

KazGASA болашақ құрылыс саласын айқындайтын BIM-модельдеу, цифрлық жобалау, 3D-басып шығару, сәулеттегі жасанды интеллект, сандық өндіріс және роботтандыру сынды негізгі технологияларға басымдық береді. Бұл бағыттар білім беру бағдарламаларының өзегіне айналып, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа буын мамандарын қалыптастыруға негіз болады.

Практикалық дайындық – академияның басты басымдығының бірі. FabLab пен дрондар зертханасында студенттер жобалау, мониторинг және құрылыс процестерін басқарудың заманауи құралдарын меңгереді. Сонымен қатар, академия индустриямен бірлесе және осы құзыреттерді кеңейте отырып, құрылыс компаниялары үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыруда.

2026 жылдан бастап Қазақстанда BIM-технологияларын міндетті енгізу құрылыс саласының жаңа стандарттарын қалыптастырады. Осыған сәйкес KazGASA білім беру бағдарламаларын алдын ала бейімдеп, студенттерге жобаның барлық кезеңінде, яғни, жобалаудан бастап пайдалануға дейінгі бірыңғай цифрлық ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда. Бұл шешімдер құрылыс сапасын арттыруға, қателерді азайтуға және шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Академия индустриямен белсенді ынтымақтастық орнатып, B2B форматындағы жобаларды іске асыруда. Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік аясында құрылыс компаниялары үшін заманауи технологиялар бойынша тегін оқыту бағдарламаларын жүргізіп, қалалық ортаның қауіпсіздігін арттыруға үлес қосып отыр. KazGASA сондай-ақ ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясындағы мәдени мұраны сақтау жөніндегі кешенді жоспарға қатысып, тарихи-мәдени нысандарды сақтау бойынша мамандар даярлауда.

Халықаралық бағыт та қарқынды дамып келеді. Академия қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып, түркі кеңістігі мен жаһандық білім беру ортасымен интеграцияны күшейтуде.

Инженерлік кадрларға сұраныстың артуы жағдайында мемлекет құрылыс бағыттары бойынша білім беру гранттарының санын ұлғайтуда. KazGASA осы үдерісте жүйе құраушы жоғары оқу орны ретінде жаңа буын мамандарын даярлау жауапкершілігін өз мойнына алып отыр.

Академияның бұл тәсілінің тиімділігі нақты нәтижелермен расталады. Өйткені,  KazGASA «Атамекен» ҰКП рейтингінде жетекші орындарды иеленіп, QS Stars халықаралық агенттігі тарапынан академиялық бағдарламалардың даму деңгейі бойынша жоғары бағаланған.

45 жылдық мерейтой қарсаңында KazGASA өткен жолын қорытындылап қана қоймай, Қазақстанның құрылыс саласының болашағын қалыптастыратын негізгі орталықтардың бірі ретіндегі рөлін нығайтып отыр.

14 сәуірде Almaty Theatre сахнасында академияның 45 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен KazGASA Қамқоршылар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.

Министр өз сөзінде инженерлік білім берудің маңыздылығын атап өтіп,
«Күшті білім беру институттары сабақтастыққа, берік академиялық дәстүрлерге және үздіксіз дамуға негізделеді. Академия алдағы уақытта да кадр даярлау мен кәсіби өсудің маңызды орталығы ретінде өз әлеуетін нығайта беретініне сенімдімін», — деді.

Кеш барысында марапаттау рәсімі өтіп, салаға үлес қосқан тұлғаларға құрмет көрсетілді. Халықаралық серіктестердің бейнеқұттықтаулары ұсынылып, студенттердің шығармашылық қойылымдары мен академияның тарихы мен болашағын бейнелейтін арнайы фильм көрсетілді.

KazGASA Баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 930 Views

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.20261 050 Views

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

13.08.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.