Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛУДЕ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛУДЕ

17.04.2026330 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылордадағы қолданыстағы ескі жылу- электр орталығы 1964 жылы пайдалануға берілген, екі қазандық пен бір турбогенераторы болған. Орталық 67 мегаватт электр энергиясын өндіріп,облыстың тұтыну көлемінің тек 30 пайызын қамтып келді.
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу- электр орталығы құрылысы аяқталып, іске қосылды.
«Aksa Energy» түрік компаниясы қолға алған жобаға 215 млрд теңге инвестиция салынған.
Жоба бойынша қуатылығы 176 МВт 2 газ турбиналық қондырғы (General Electric, АҚШ), 95 МВт бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы (ACBOILERS, Италия), 150 Гкал/сағ 4 жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) орнатылды.
Бүгінде жылу орталығында 176 мегаватт электр энергиясы өндірілуде және 150 МВттық 4 су жылыту қазандығы қосылды. Қосымша 95 МВттық бу турбинасы да дайын. Станция құрылысы 2024 жылы басталып, екі жыл ішінде аяқталды.
Инвестициялық шартқа сәйкес 2026 жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған болатын. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылыс мерзімінен бұрын бітті. Орындалған жұмыстардың сапасы да тиісті деңгейде әрі бекітілген кестеден ерте. Орталық облысты электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп, өндірісті дамытуға серпін беруде. Жаңа станцияның қуаты 240 мегаватт,облыстың электр энергиясын тұтыну көрсеткіші 220 мегаватт, яғни ауысқанын өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік бар. Станция жұмысына заманауи технологиялар енгізілген. Ескі жылу-электр орталығынан артықшылықтарын атап айтсақ:
-газ тұтыну көрсеткіші 50 пайызға үнемді;
-станция 20 минут ішінде 50 мегаваттан 240 мегаватқа дейін жүктеме өзгерістеріне тез бейімделіп, қуатты жылдам арттырып немесе азайта алады. Бұл жалпы оңтүстік өңірлердің энергетика жүйенің тұрақтылығын сақтау үшін қажет.
-ескі жылу- электр орталығының ең жоғарғы желілік температурасы тек 950С болса, жаңа станцияда 1300С дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
-су қыздыру қазандықтарының пайдалы әсер коэффициенті (КПД) 30 пайызға жоғары, себебі жылу
жоғалтуы аз.
-жаңа станция автономды жұмыс істей алады, яғни жоғары қуатты (магистралдық) желілерде ақау шықса немесе кернеу күрт өзгерсе өшіп қалмайды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026451 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026413 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.