Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЕЛІДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

20.04.2026978 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Шиеліде Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акциясы өтті.
Шиелі ауданы- тарихы терең, тағылымы мол өлке. Ауданымызда мемлекеттік қорғауға алынған 42 тарихи мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде 3 республикалық, 37 жергілікті маңызы бар ескерткіш, ал 2 нысан алдын ала есепке алынған тарихи мәдени мұра объектілері болып табылады.
Олардың ең көнелерінің бірі — Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер, бұл біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтан сыр шертетін құнды мұра.
Ал Оқшы ата кесенесі — ел тарихының алтын арқауы. Мұнда Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би, Қыш ата секілді ұлы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан.
Осындай қасиетті орындардың қадір-қасиетін арттыру мақсатында киелі орындар мен көпшілік зират ететін барлық аумақтарға көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, қоршауларды ретке келтіру, жолдарды тазалау және жөндеу секілді жұмыстар да жүргізілді.
Сауабы мол игі шараға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар белсене қатысты.
Президентіміз «Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады», – деп, жалпыұлттық бағдарлама айналған бастаманың мәнін ашып берді.
Киелі орындарды зират етудің бұрыннан қалыптасқан ережелері бар. Оның ең негізгісі тазалықпен байланысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген даналық өткенге құрмет көрсетудің маңызын ұғындырады.
Акция аясында ауданымыздағы қасиетті орындар мен зираттардың аумағын тазалау жұмыстарына екі мыңнан аса аудан тұрғындары белсенді қатысты.
Бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026451 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026413 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.