Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Жеткізілімдер бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жыл басында энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Жеткізілімдер ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында жүргізіледі. Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының бағасы өңірлердегі жеткізу станциясына дейін ҚҚС-пен бірге литріне 263 теңгені құрайды. Соңғы бағаны өңірлік операторлар айқындайды және ол литріне 281 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл орташа бөлшек сауда бағасынан 49 теңгеге немесе 15 %-ға төмен. Ауыл шаруашылығы…
Автор: un_admin
Бүгін ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық бағдарлама бүгінде өз нәтижесін беріп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы», – деген болатын. Шын мәнінде, бұл бір реттік науқан емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тазалық пен тәртіпті насихаттауға бағытталған игі бастама. Бүгін осы игі бастама аясында қаламыздағы тазалық шараларына белсенді атсалысып жүрген қызметкерлер марапат төрінен көрінді. Шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, көше комитеттерінің төрағалары, мекеме-кәсіпорын басшылары, тазалық мекемесінің қызметкерлері және жастар өкілдері қатысты.…
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады. Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жалақы бойынша берешек пен еңбек құқықтарының бұзушылықтары анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 110 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 136,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде 700 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 463,3 млн теңге төленді. Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдады. Соның ішінде «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» және басқа да конституциялық заңдар бар. Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді. Жалпы, Мәжіліс сессиясы басталғаннан бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Олардың арасында Құрылыс, Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект, банк және банк қызметі, құқықбұзушылықтың алдын алу, Қылмыстық және…
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығының ашылу рәсіміне қатысты. Оқу жылы аяқталуға жақын қалғанда оқушылар демалысын тиімді ұйымдастыру үшін іске қосылған орталық Президент саябағы аумағында орналасқан. Құрылысы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған болатын. Бүгінде өңірде 180 мыңға жуық мектеп оқушысы бар. Олар жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуі үшін кешенді жұмыс жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам жеткіншектынығу лагерьлеріне, 150 мыңға жуығы мектеп жанындағы лагерьлерде…
Ағымдағы жылғы 19 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Мендалиев Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін алғышарттарды азайту, сондай-ақ ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері талқыланып, процестерді автоматтандыру, рәсімдердің ашықтығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік қызметтер көрсету және процестік қызмет барысында адами фактордың ықпалын азайту мәселелері айқындалды. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас…
Қазақстан өңірде қалалық әуе мобильділігің толыққанды экожүйесін, яғни аэротаксиді, жеткізуші дрондарды және цифрлық навигацияны ұсынған алғашқы ел болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Қазақстанда технологиялық болашаққа маңызды қадам жасалды: ЖИ және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Alatau City алаңында тік ұшып-қонатын инновациялық электрлі ұшу аппаратының — көбіне аэротакси ретінде белгілі eVTOL-дың алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті. Жоба қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясының АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және Италияның жетекші технологиялық ойыншыларымен серіктестіктегі тек жеке инвестициялары есебінен толықтай іске асырылуда. Өңірдегі қалалық әуе мобильділігін дамытуға бағытталған салымдардың жалпы көлемі 300 млн АҚШ долларына бағаланып отыр. Мұндағы…
Мемлекет басшысының жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Ақмола облысының екі қаласы – Степногорск пен Көкшетаудағы инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын төмендету үшін 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Қаражаттың негізгі бөлігі, шамамен 2,7 млрд теңге, Степногорск қаласындағы ұзындығы 7,5 шақырым магистральдық жылу желісін жөндеу жөніндегі жобаны аяқтауға бағытталады. Тағы 1,2 млрд теңге Көкшетау қаласының №1 және №2 қазандықтарының энергетикалық қазандықтарын, жабдықтары мен жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалмақ. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласын жылумен екі қазандық қамтамасыз етіп отыр, негізгі жылу көзі – АҚ-2 қазандығы. Өткен…
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Қазіргі таңда бұл мектептерде 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істеуде.…
2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалды. Қонақ үйлерге орналастырылған ішкі туристер саны 8,6 млн адамды құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 700 мың адамға артық). Қонақ үй қызметтерін пайдаланған шетелдік туристер саны 1,4 млн адамға жетті (130 мың адамға өсті). Жалпы, әртүрлі туристік мақсаттармен елімізге 15,7 млн шетелдік азамат келді (2024 жылы – 15,3 млн адам). Бұл көрсеткішке жұмыс істеуге немесе тұрақты тұруға келген азаматтар кірмейді. Олардың ішінде 11,1 млн адам шетелдік туристер ретінде жіктеледі. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Байжанов Нұрбол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осындай мәліметтермен бөлісті. Орналастыру орындарының жиынтық табысы…
