Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

15.07.2026961 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Ultnews Медиа» ЖК https://ultnews.kz/ сайтында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы

«Ultnews Медиа» ЖК  меншік иелігіндегі https://ultnews.kz/  интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдары Сайтта заңнамада белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.

Сайт интернет-алаңды саяси партияның жазбаша өтініші және Сайттың меншік иесі мен саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны және өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, өтініштердің тіркеу журналында тіркелген күні көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Саяси партияны тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
  3. Өтініш берген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Саяси партиялардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін Сайт белгілейді.

Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.

Ұсынылатын үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мәліметтер, оның ішінде материалды ұсынушы туралы және қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Саяси партиялар ұсынылған үгіт материалдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ жасалған шарт талаптары сақталмаған жағдайда Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтатуға құқылы.

Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни немесе өзге де араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын материалдар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де мәліметтер қамтылса, сондай-ақ азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Сайт мұндай материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

 Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны

 Орналастыру мерзімі: 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін.

Мақала

Орналастыру орны: басты бет, жаңалықтар таспасы.

Көлемі: 5 000 символға дейін (5 фотосуреттен артық емес, 1 бейнематериал).

1 мақаланы орналастыру құны

Құны: 500 000 теңге.

Көлемі белгіленген мөлшерден асқан жағдайда бір символдың құны: 100 теңге.

Барлық материалдарда «Материалды орналастыру ақысы төленген» деген белгі қойылады.

Шарт бойынша үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған төлем шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру туралы жазбаша өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Шымкент қаласы, Нұрсат мөлтек ауданы 27 үй.

«Ultnews.kz»  ақпарттық агенттігінің директоры
М.Уринбасарова

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.20264 218 Views

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026329 Views

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026229 Views
Соңғы жаңалықтар

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

15.07.2026

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты

14.07.2026

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

14.07.2026

Қонаевтың көмекшісінің қызы Назарбаевқа қатысты көпшілік біле бермейтін оқиғаны айтты

14.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.