Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса; 5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;…
Автор: un_admin
Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері туған жерге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, елді мекеннің кіреберісіне сәнді қақпа орнатып, ауыл тұрғындарына тарту етті. Игі іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және ауыл ардагерлері мен тұрғындары, түлектер қатысты. Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі Берік Сәрменбаев көпке үлгі боларлық игі іске ұйытқы болған түлектерге ризашылығын білдіріп, олардың туған жерге деген жанашырлығы мен елге деген қамқорлығын ерекше атап өтті. – Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері елді мекеннің кіреберісіне жаңа қақпа орнатып, ауылға үлкен тарту…
Бүгін Шиелі ауданындағы барлық білім ордаларында ерекше толқыныс пен қуанышқа толы кезең. Мектеп қабырғасымен қоштасқан түлектер үшін бұл күн — балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар тарихи сәт. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның іргелі білім ошақтарының бірі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен салтанатты шараға қатысып, бітіруші түлектерге ақжарма тілегін арнады. Іс-шараға білім саласының ардагерлері, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысып, жас түлектерге ізгі ниеттерін білдірді. Салтанатты шара барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. — «Мектеп – білім мен тәрбие беретін киелі шаңырақ. Бүгінгі жас түлектер – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің…
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, 2025-2026 оқу жылы аяқталды. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 31 мыңнан астам оқушы – 9-сыныпты үздік аяқтайтындар қатарында. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға – 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп келеді. Ал Президент тапсырмасымен қолданысқа берілген «Келешек мектептерінде» 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Ұлттық жобасы аясында биыл 217 заманауи мектеп пайдалануға берілген. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Биыл мектеп бітіру салтанаттарын өткізу…
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының ағымдағы жағдайы жөнінде кеңес өткізді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында және Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында қойған міндеттерін орындау мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қажетті инженерлік инфрақұрылымды дайындау туралы айтты. Екібастұз қаласындағы құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстар аяқталды, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізілуде және болашақ модульдік блоктарға арналған шұңқырлар әзірленуде. Құрылыс техникасы мен мамандар жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстарының толық циклі…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев оқу жылының аяқталуына орай Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі түлектерінің салтанатты шарасына қатысты. Алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. Биыл аймақта 10 мыңнан астам жас түлек он бір жыл бойы білім алған мектебімен қоштасып, жаңа өмірге жолдама алды. «Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана кез келген адам үшін өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік пен табысқа жетуге зор мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс…
Ақтөбе облысында алкогольден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті. Бұл бастама өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқықбұзушылық пен тұрмыстық жанжалдардың азаюына оң әсер етіп отыр, деп хабарлайды ultnews.kz. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарасты Қияқты ауылында жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен маңызды профилактикалық кездесу өтті. Басқосу барысында ауыл тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан бас тарту бастамасын бірауыздан қолдап, қоғам қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған ортақ ұстанымдарын танытты. Кездесуге ауыл әкімі, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Жиында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық тәртіпті сақтау және ауылдағы тұрақты әлеуметтік ахуалды нығайту мәселелері кеңінен…
Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы, театр актрисасы әрі педагог Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен қалай танысып, отбасын құрғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz. Өнер иесі бұған дейін «Қарақатпен шай» бағдарламасында қазіргі жарының өзінің шәкірті болғанын ашық айтқан еді. Актердің сөзінше, Дәрияға деген сезімі уақыт өте келе күшейіп, кейін үлкен махаббатқа айналған. «Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл, бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын», – деді Тұңғышбай Жаманқұлов. Актер жұбайына деген ықыласын жасырмай, отбасылық өміріне риза екенін жеткізді. Сонымен қатар ол адам…
1-шілдеден бастап елімізде газдың көтерме бағасы 33 пайызға өседі. Бұл туралы жақында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Үкімет бұл шешімді газ өндіру саласына инвестиция тарту және болашақта импортқа тәуелділікті азайту қажеттілігімен түсіндіріп отыр. Министрдің айтуынша, қазіргі көтерме баға газ кен орындарын игерумен айналысатын компаниялар үшін қолайлы емесекен. Соның салдарынан жаңа жобалар іске қосылмай, барлау жасалған газ қорларын игеру қарқыны баяулап келеді-мыс. Жалпы, Қазақстан табиғи газ өндіруші мемлекет санатында болғанымен, расталған көгілдір отын қорлар көлемі мен жаңа кен орындарын дамыту көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына кірмейді. Қалай болғанда да қазір Үкіметтің алдында күрделі таңдау тұр. Бір…
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды локализациялауға және дамытуға бағытталған. Фармацевтикалық зауыт дәрілік препараттың 20 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорынды іске…
