Автор: un_admin

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты. Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Серік Жұманғарин өз сөзінде ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті. ТМҰ елдері 170 млн-нан астам халқы бар нарық қалыптастырып, айтарлықтай өнеркәсіптік, көліктік, аграрлық және адами әлеуетке ие болып отыр. Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы және инвестиция, технология мен логистикалық маршрут үшін бәсекелестік…

Read More

Бүгінде Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұранысты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді – мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде жол битумын өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты. Жоба Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан мұнай өңдеу саласын дамытудың тұжырымдамасы аясында орындалған алғашқы іс-шара болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаты жылына 1,6 млн тоннаны құрайтын 4 зауыт жұмыс істейді. Көлік министрлігі мен КазАвтоЖол мәліметінше, 2026 жылы ішкі…

Read More

Қарағанды облысында тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Балқашта ауданаралық медициналық хаб құрылуда. Медициналық нысандарды жаңғыртуға қаражат активтерді қайтару аясында арнайы мемлекеттік қордан бөлінді, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Балқаш көпсалалы ауруханасында заманауи ангиографиялық кешен іске қосылды. Жоғары технологиялы жабдық өңірдегі кардиологиялық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балқаш қаласының тарихында алғаш рет жүрек пен қан тамырларына операция жасау қолға алынбақ. Есеп бойынша, жаңа бөлімше жылына 150 мыңға дейін адамға қызмет көрсете алады. Балқаш өңірінің тұрғындары енді білікті мамандардың көмегін облыс орталықтарына шұғыл жеткізусіз-ақ өз өңірінде ала алады. Бұл әсіресе миокард инфаркті…

Read More

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі тілде қошемет көрсетті. Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады.

Read More

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ мен Wabtec арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыты ел аумағында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сол жобалардың бірі – Арал ауданындағы оқушыларға арналған заманауи шығармашылық сарайы. Ұлттық компанияның бастамасы аясында 100 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебін» біріктірген, балаларға қосымша білім беретін заманауи инфрақұрылым құрылады. Негізгі мақсат – өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту. Жалпы ауданы 1 950 шаршы метрлік кешенде түрлі бағыттағы үйірмелер, өнер және қосымша білім беру кабинеттері орналасады деп жоспарлануда. Бұл оқушылардың бейіміне қарай сапалы қосымша білім алуына, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Жұмысқа 120-дан астам маман тартылып, нысанға отандық құрылыс материалдарын пайдалану…

Read More

Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды, ҚР Энергетика министрлігі. Атап айтқанда: Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін; Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін; Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін. Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді. 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді: автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%); дизель отыны – 6,1…

Read More

Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде. ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті.  Нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға төмендеу тіркелді. Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды. Онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9%-ға өсті. Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен…

Read More

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Инвестиция көлемі – 21 млрд теңге. Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі – 20 жыл. Өңірде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі түрде жалғасады. Жақын арада Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы…

Read More

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына облыстық қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінің қызметкерлері, Ассамблея жастары және қаланың 50-ге жуық белсенді жасы қатысты. Қатысушылар кент аумағын қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарына белсенді атсалысты, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі. Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін айтып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Мұндай акциялар жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеп, қоғамдағы тазалық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді. Акция соңында қатысушылар тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.…

Read More

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді. Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен…

Read More