Автор: un_admin

Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді. Турнир екі алаңда қатар өтті. Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда 4 топқа бөлініп, өзара айналма ойындарын өткізді. Бір топта әр команда үш ойыннан өткізіп, ең жоғары ұпай жинаған 2 команда…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметі 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кешенді жоспар халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға, сондай-ақ жануарларды аурулардан сақтау мен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. «Жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстан жануарлардың аса қауіпті ауруларының бірқатары, соның ішінде аусыл, африкалық жылқы обасы, африкалық және классикалық шошқа обасы бойынша халықаралық мәртебеге ие болды. Бұл өз кезегінде отандық мал шаруашылығы өнімдерінің…

Read More

Бүгінде Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала бар. Бұл халық санының үштен бір бөлігін құрайды. Соңғы он жылда балалар саны шамамен 1,5 млн-ға өсті. Еліміз – балалар құқығын қорғауға бағытталған мақсатты ұлттық стратегиясы бар санаулы мемлекеттердің бірі. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, 2026-2030 жж. арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың негізгі мақсаты – әр баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі іргелі тәслдерін қалыптастыру. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Оның айтуынша, осы саладағы қоданыстағы барлық шара мен бағдарлама бірыңғай стратегиялық негізге біріктірілді. «Ұлттық қор…

Read More

Мемлекет басшысының бастамасымен қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту және өңірлерде балаларды сапалы білім алу үшін лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында «Келешек мектептері» желісі құрылды. Бүгінде 460 орынға арналған 217 мектеп пайдалануға берілді. Бұл мектептер адами капиталды дамытуға салынған ұзақмерзімді инвестиция болып табылады. Бұны ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Сондай-ақ Ш.Ақпарова ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жасалып жатқан шараларға тоқталып өтті. «Біздің міндеттеріміздің бірі – балалардың отбасында өмір сүріп, тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Балаларға үйлерін деинституционализациялау саясаты жалғасуда. 20 178 баланың 16 294-і қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын Қазақстан азаматтары өз отбасына 1000-нан…

Read More

ІІМ кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Бұл бағытта тұрақты негізде тиісті заңдар қабылданып жатыр. Биыл 2 наурыздан бастап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң күшіне енді. Құжат құқық бұзушылықтардың алдын алуды жетілдіруге және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді. Жасөспірімдер арасындағы агрессия фактілері, интернет қатерлері, отбасындағы қолайсыз жағдайлар, ересектер тарапынан жеткіліксіз бақылау салдарынан болып жатқан оқиғалар көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұның алдын алу үшін полиция органдары жүйелі түрде профилактикалық шаралар жүргізеді. Оқу ордаларында да дәл осындай жұмыс жүргізіліп…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан AI-Sana бағдарламасы Қазақстанның AI-экономиканың сын-қатерлеріне қайтарған негізгі жауаптарының біріне айналды. Оның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын тек пайдаланып қана қоймай, экономиканың түрлі саласы үшін өз шешімдерін әзірлей алатын мамандардың жаңа буынын даярлау. Бағдарламаның бірінші кезеңінде студенттер негізгі AI-құзыреттіліктерді меңгеру және жетекші халықаралық білім беру платформаларына қол жеткізу аясында 673 мыңнан астам сертификат алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова мәлімдеді. Вице-министр атап өткендей, 2026 жылдың 15 сәуірінен бастап «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңі басталды. ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Пол Ким…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қойылған болатын. – Бұл уақиға еуразиялық интеграцияның маңызды кезеңі ретінде есте қалды. Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды. Осыған орай барша әріптесімді Еуразиялық экономикалық одақ күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бірлестік одан әрі дамып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігіне қызмет ете берсін! Бүгінгі шағын форматтағы кездесу барысында біз сыртқы саудаға, жасанды интеллектіні дамыту бастамаларына қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз. Бұл туралы мазмұнды әңгімеміз…

Read More

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бүгінде қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қазіргі ахуал, халық тарапынан көтерілетін мәселелер және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Басқарма басшысы Нұржан Сүлейменов сұхбат берді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмет алушылар тарапынан көтерілетін негізгі жүйелі мәселелер қандай және олардың туындау себептері неде деп ойлайсыз? Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдары қаншалықты негізді және мұндай шағымдармен жұмыс қалай жүргізіледі?…

Read More

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Бүгінде өңірде коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жылумен, электрмен қамту, сумен жабдықтау және су бұру салаларында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өңір алдағы жылыту маусымына қарқынды дайындалуда. Жаңғыртылып жатқан негізгі нысандардың бірі – Орал қаласын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін «ЖайықТеплоЭнерго» АҚ. Қазіргі уақытта кәсіпорын «қызыл аймақта» тұр. 2029 жылға дейін жүргізілетін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде тозу деңгейін 83%-дан 60%-ға дейін төмендетіп, нысанды «сары аймаққа» шығару жоспарланған. Сонымен қатар, тозу…

Read More

АҚСУ АУЫЛЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫН АЛДЫ Жалағаш ауданында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында Ақсу ауылында бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Қазіргі таңда ауылдағы М.Әуезов, Т.Қожақұлов және Ақбөгет көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 294,8 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар тағы үш көшені жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, тиісті ұсыныстар берілген. Айта кетейік, өткен жылы Беркінбай кәлпе – Жалағаш бағытындағы автомобиль жолына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жол толықтай асфальтталып пайдалануға берілген болатын. Бүгінде Ақсу ауылы тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Сонымен бірге электр желілерін…

Read More