Жазғы туристік маусым қарсаңында Абай облысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді құтқару станциясының құрылысы аяқталды. Алакөл көлінің жағалауы 800 метрден 1800-метрге дейін созылады. Оған қоса, сумен жабдықтау, кәріз, электр желілерін жүргізу және жағалауды нығайту мәселелері қолға алынды. Оған тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұны ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Байжанов Нұрбол ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, Жетісу өңірі жағындағы Алакөл курортында да бірқатар жұмыс жүргізілді. Қоқыс контейнері, құтқару мұнаралары, киім ауыстыру кабиналары орнатылды. Сондай-ақ «Алакөл Тазалық» ұйымы ашылды. Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды. «Бұдан бөлек, Балқаш көлінің жағалауын дамыту жұмыстары жалғасуда. Көлге апаратын автомобиль жолы толық…
Автор: un_admin
Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы Кения Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. – Кения – Африканың қарқынды дамып келе жатқан және озық елдерінің бірі. Географиялық тұрғыдан елдеріміз алшақ орналасса да, бізді жаңғыруға деген ұмтылыс пен болашаққа сенімді көзқарас біріктіреді. Қазақстан Еуразия жүрегінде орын тепкен, ал Кения Шығыс Африканың экономикалық орталығы саналады. Бұл екіжақты серіктестікті кеңейту тұрғысынан айрықша мәнге ие. Біз нарықтарды және көлік бағдарларын байланыстырып, инвестициялар мен тың мүмкіндіктерге жол ашу арқылы Орталық Азия мен Африка арасына дәнекер бола аламыз. Жаңа ғана…
Арал ауданында инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – Аққұм ауылдық округіне қарасты Шижаға елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту жобасы. Аталған жоба аясында ауылдың тозығы жеткен электр жүйелері толықтай жаңғыртылып, тұрғындар сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілді. Жоба шеңберінде Шижаға елді мекенінің 0,4 және 10 кВ әуе электр желілерінің құрылысы жүргізіліп, толық аяқталды. Нәтижесінде 20,6 шақырым жаңа электр желісі тартылып, 9 дана кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТПН) орнатылды. Құрылыс жұмыстарын «Энергомера» ЖШС атқарды. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде ауылдағы 418 тұрғын үй мен 9 әлеуметтік нысан жаңа әуе электр желісіне қосылды. Бұл өз кезегінде электр энергиясының сапасын арттырып,…
Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған кенті, Саяжай мөлтек ауданындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылған жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Нысанды аралау барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы маңызын атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп, нақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Сыр өңірінде жүйелі жүзеге асуда. Сондықтан кәсіп бастаймын, ісін кеңейтемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау болады, – деді аудан әкімі. Жылыжай иесі, жеке кәсіпкер Наурыз Айымбетов атқарылған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұған дейін Н.Айымбетов 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3,9 млн теңге…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовпен бірге Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысының сапары қайта жаңғыртудан өткен Оқшы ата кесенесін аралаудан басталды. Оқшы ата кесенесі – Шиелі ауданының Жөлек ауылынан 7 шақырым қашықта орналасқан, IX-X ғасырда салынған көне архитектуралық ескерткіштердің бірі. Облыс әкімі тарихи нысанда жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, аумағын абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Одан кейін Алғабас ауылындағы «Жер – Жомарт Д» шаруа қожалығының егістік алқабына барды. 2014 жылы құрылған шаруашылық негізінен күріш және бау-бақша өнімдерін өсіруге басымдық береді. Биыл шаруалар 1256 гектар жерге егін екті.…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығының ашылу рәсіміне қатысты. Оқу жылы аяқталуға жақын қалғанда оқушылар демалысын тиімді ұйымдастыру үшін іске қосылған орталық Президент саябағы аумағында орналасқан. Құрылысы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған болатын. Бүгінде өңірде 180 мыңға жуық мектеп оқушысы бар. Олар жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуі үшін кешенді жұмыс жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам жеткіншектынығу лагерьлеріне, 150 мыңға жуығы мектеп жанындағы…
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетовтің, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен сол жағалаудағы құрамында 10 үй бар тұрғын үй кешенін табыстау рәсімі өтті. Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы – кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған аумақ. Мұнда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй саны жыл өткен сайын артып келеді. Осы аумақта заманауи урбанистикалық шешімдер негізінде жайлы әрі қолайлы инфрақұрылым қалыптасып үлгерді. Бүгінде сол жағалауда 169 нысан бар, 136 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік және 13 бизнес…
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысын өткізді. Онда өңірлерде тиісті Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы, волонтерлік қозғалысты қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту жайы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Баршаңызға мәлім, «Таза Қазақстан» ұғымы жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының біріне айналды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген қамқорлық құндылықтары басым міндеттер ретінде айқындалып отыр. Бұған дейін бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық саясатты жүзеге асырудың негізгі буыны ретінде жергілікті атқарушы органдарға маңызды рөл жүктелген», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының…
Қазақстанның балмұздақ нарығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, отандық тамақ өнеркәсібінің қарқынды дамуын және елдің экспорттық әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдеді. Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және салалық сарапшылардың деректеріне қарағанда, балмұздақ өндірісінің көлемі 63,2 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артты. Бұл 2000 жылдардың басынан бергі алғашқы жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Ерекше атап өтерлігі Қазақстан тарихта алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы мәртебесіне ие болды. Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 36,8%-ға артып, 14,2 мың тоннаны құрады және импорт көрсеткішінен асып түсті. Қазақстандық балмұздақтар негізінен Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру және жоғары қайта бөлу кластерлерін құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жоба Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка кентінде қуаты жылына 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін кәсіпорын салуды көздейді. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі – 63,5 млрд теңге. Кәсіпорында 500-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылады, ал жерасты кенішінің құрылысы қосымша 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Зауыт құрылысы көмір шикізатын терең өңдеуді…
