Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…
Әлем жаңалықтары

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.20264 219 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оның жарқын мысалын Оңтүстік Қапқаз елдерінің батыл-батыл маневрларынан, Солтүстік Корей мен Қытайдың Ресейді сауын сиырдай жүдетіп, істеген жерден тістеп қалуға тырысуынан анық аңғарамыз…

ҚЫТАЙ АМБИЦИЯСЫ: РЕСЕЙ «ҮЛГІЛІ ЕЛДЕН» «КІШІ ІНІГЕ» ҚАЛАЙ АЙНАЛДЫ?

«Молда сөзін азаншы қуаттар» дегендей, осы айтқанрдарымызды жуырда әйдік «The Wall Street Journal» басылымы да егжей-тегжейлі зерттеп жазыпты.

«Кезінде Владимир Путин Қытай басшысы Си Цзиньпин үшін үлгі тұтарлық тұлға еді. Ал екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара тең дәрежедегі әріптестік ретінде сипатталатын. Қазір бәрі өзгерді. Ресей мен Қытай арасындағы байланыстың сипаты түбегейлі өзгерген. Кремль қожайынының ықпал әлрісеп, «серіктес ел» дәрежесінен тәуелді «кіші ініге» айналған. Мұның басты себебі – төртінші жылдан асып, бесінші жылға созылған соғыс пен халықаралық оқшаулану. Бұл жағдай Ресей басшысын тығырыққа тіреп, Бейжіңнің алдында мінәйі күйге түсірді», — деп жазады.

Бұл сөздердің шын екенін қуаттар басты мысал – Ресейдің қалтасын қампайтар «Сібір күші – 2» газ құбыры жобасы. Мәскеу бұл жобаны өзіне тиімді шарттармен Қытайға өткізуге ондаған жылдар бойы тырысқанымен, Бейжіңнің жауабы сылық, қабағы суық болып келді.

Қытай Ресейге өз талаптарын қойды. Ол — Ресей ішкі бағамен, яғни нарық бағасынан айтарлықтай төмен бағамен газ жеткізетін болса ғана, Бейжің бұл жобаға қаражат бөлуге мақұл деген шарт. Бұл анығы – шартсыз шарт. Қытайдың Кремльді өз жобасын өзі субсидиялауға, яғни шығынын өз мойнына алуға мәжбүрлеу әрекеті десе де болады.

Осылайша қазір Украинадағы соғыс Ресейдің экономикалық мүмкіндіктерін ғана шектеп қойған жоқ, сонымен бірге Қытайға күштер балансын өз пайдасына өзгертуге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда Қытай Ресейдің барлық дерлік саласында доминантты ойыншыға айналды. Мәскеу нарығын қытайлық көліктер, ауыр техникалар, тоқыма өнімдері, тіпті, тамақ өнәркісібі жаулап алды. Ресейлік тауар өндірушілер бәсекелістікке төтеп бере алмай, тығырыққа тірелуде. Қытай тауарлары Ресейдікінен гөрі әрі арзан, әрі сапалы болып тұр.

РЕСЕЙ ҚЫТАЙ «ШПОНДАРЫНА» ДА КӨЗ ЖҰМЫП ҚАРАУҒА МӘЖБҮР…

Оның үстіне, қазір Ресейде қытайлықтардың «шпиондық» әрекеттері жиі байқала бастаған. Соған қарамастан, Мәскеу Бейжіңмен қарым-қатынасты бұзбау үшін бұл мәселені жылы жауып қоюға тырысуда. Себебі біреу. Ол – бүгінгі Ресейге Қытай ауадай қажет.

Статистикаға көз жүгіртсек, 2013 жылы Ресейдің сыртқы саудасындағы Қытайдың үлесі небәрі 10 пайыз шамасында болған екен. Ол уақта Ресейдің негізгі серіктесі – Еуропа еді. Қазір Қытайдың үлесі 40 пайызға жақындаған. Ресейдің экспорттық кірісінің 3/1-і Қытайға тәуелді. Керісінше, Ресей Қытайдың жалпы сауда айналымында 4 пайызға да жетпейтін үлеске ғана ие. Бұл – екі ел арасындағы экономикалық байланыстың теңсіздігін көрсететін айқын дерек.

Бұл жағдайды Бейжің де, Мәскеу де көріп, біліп отыр. Бейжің бұл жағдайды пайдаланып, болашақтың қамына мықтап кірісіп кетсе, Мәскеудің қол-аяғы тұсаулы қалып отыр.

Қытай билігі Ресейде тек Путинмен ғана емес, одан кейінгі кезеңде елді басқаруы мүмкін элита мен шенеуніктермен тығыз байланыс орнатуда. Батысқа қарсы көзқарас Ресей институттарында соншалықты терең тамыр жайғандықтан, ол Путиннен кейін де өз жалғасын табары сөзсіз. Сарапшылар Қытайдың Ресейді өзіне барынша тәуелді, модернизацияның қайнар көзі ретінде Қытайға қарап отыратын «үлкен Лаосқа» немесе «Пәкістанға» айналдыруға мүмкіндігі бар екенін айтады.

АҚШ-ТЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ «ТОЗАҚИ САНКЦИЯЛАРЫ»

«Жығылғанға жұдырық» дегендей, бұған АҚШ президенті Трамптың жуырдағы қатал мәлімдемелерін тағы қосыңыз. Жуырда ғана қайтыс болған АҚШ-тың әйдік сенаторы Линдси Гремнің бастамасымен қолға алынған Ресейге қарсы «тозақи санкциялар» туралы заң жобасын президент Трамп мақұлдауға даяр екенін мәлімдеді.

Бұл өз кезегінде Ресейден мұнай өнімдері мен газ сатып алатын елдерге 500 пайыздық баж салығын салуды көздейтін жойқын санкциялар пакеті болмақ. Марқұм Грем бұл заң жобасы үшін табандап жатып күрескен.

Күні кеше президент Трамп осыны айта келіп, заң жобасына қол қоюға ниетті екенін, тіпті оған Ресеймен тең Иранды және «Хезболланы» қосатынын ашық айтты.

РЕСЕЙ БЮДЖЕТІ ҚАРЫЗҒА БЕЛШЕДЕН БАТЫП БАРАДЫ

Ал түйіндеп келгенде, Ресейде экономикалық жағынан ахуал мәз емес. Кремльдің төңірегінде жүрген экономистердің өзі дабыл қаға бастаған. Олардың айтуынша: Ресей бюджеті қарызға белшеден батып барады.

Соғыс басталғалы мемлекеттік қарыз көлемі бюджеттің жартысынан асып жығылған. Жиыны 68 пайыз. Ақшалай есептегенде – 20,9 триллионнан 35,1 триллион рубльге дейін өскен. Долларға салғанда – 269 млрд доллардан 452 млрд долларға дейін бірақ жеткен. Мысалы, 2021 жылы мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 15,5 пайызын құраса, бүгінге бұл қарыз ЖІӨ-нің 18,1 пайызына тең болған.

Мұны есептеген өзге біреулер емес, Мәскеудегі билікке жақын деп айтылатын «Макроэкономикалық анализ және қысқа мерзімді болжамдар орталығы» (ЦМАКП).

Бұл шегі емес. Мәскеудің өз болжамы бойынша, осылай жалғаса берсе бюджеттің қарызы биыл 43,7 трлн рубльге (563 млрд доллар), 2028 жылы 53,8 трлн рубльге (693 млрд доллар) жетуі мүмкін. Ал алыс болашақтың есебінде, Ресейдің мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 32 пайызына дейін жетуі мүмкін. Бұл жолжаммен 2042 жылдары боп қалады деген болжам.

Сарапшылардың болжамы бойынша, Ресей үшін бұл қарыздың ең қауіпті тұсы – оның өте қымбатқа түсуінде. Минфин несие алу үшін жылдық 16 пайыздан астам үстеме төлеуге мәжбүр. Салдарынан бюджеттің үлкен бөлігі қарыздың пайызын жабуға кетуде. Қазіргі таңда Мәскеу бұрынғы қарыздарды жабу үшін жаңа қарыздар алуға мәжбүр болып, «қарыз спиралына» түсу қаупі туындап тұр. Осылайша, Ресейдің экономикалық болашағы барған сайын күрделі әрі бұлыңғыр сипатқа ие болуда.

Mezgil.kz

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

15.07.2026961 Views

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026329 Views

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026229 Views
Соңғы жаңалықтар

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

15.07.2026

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты

14.07.2026

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

14.07.2026

Қонаевтың көмекшісінің қызы Назарбаевқа қатысты көпшілік біле бермейтін оқиғаны айтты

14.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.