Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ШИЕЛІ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
Аймақ жаңалықтары

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ШИЕЛІ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

20.07.2026855 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Ауыл шаруашылығы – Шиелі ауданы экономикасының жетекші салаларының бірі. Биылғы жылдың 6 айында салада 5 млрд 711 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайыздық өсімге қол жеткізілді.
Мал шаруашылығында да оң динамика сақталуда. Бүгінде ауданда 85 734 бас ірі қара, 130 061 бас қой-ешкі, 29 151 жылқы және 1 842 түйе тіркелген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, қайта айналымға енгізу жұмыстары нәтижесінде 41 960 гектар жер игеріске тартылып, жоспар 102 пайызға орындалды.
Биыл ауданда 32 мың 515 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 11 600 гектарды құрайды. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері арқылы жүгері, бидай, сүрлемдік жүгері мен мал азықтық дақылдар өсірілуде.
Егіс алқаптарының өнімділігін арттыру мақсатында 10 мың гектар жер лазерлік тегістеуден өткізілді. Егіске қажетті минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер толық көлемде жеткізіліп, көктемгі дала жұмыстары уақытылы ұйымдастырылды.
Бүгінде ауданнан өндірілген 5,4 мың тонна күріш пен бақша өнімдері Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің өзге өңірлеріне экспортталуда. Соңғы төрт жылда ауыл шаруашылығы техникасының жаңару деңгейі 68,5 пайызға жетті.
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл 31 жобаға 310 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие мақұлданды.
Су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы ұзындығы 38,2 шақырым болатын 10 каналды жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Сондай-ақ, жоба құны 1 млрд 912 млн теңгені құрайтын, ұзындығы 28 шақырымдық «Құмжарған» каналының құрылысы жалғасуда. Бүгінде 5 шақырымы қазылып, қалған бөлігі жыл соңына дейін аяқталады. Жоба іске асқаннан кейін Сұлутөбе және Майлытоғай ауылдық округтеріндегі елді мекендер мен 5 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабы аяқ сумен қамтамасыз етіледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.