Автор: un_admin

Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Кувейттің Тақ мұрагері, шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабахпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды серіктесі ретінде атап өтті. Президент екі ел арасында тұрақты саяси диалог пен экономикалық ықпалдастық дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстанның Кувейтпен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің Қазақстан экономикасына қаржы құятын ірі инвестордың біріне айналуға әлеуеті мол екеніне сенім білдіріп, елімізде бірқатар Кувейт компаниясының табысты жұмыс істеп жатқанын мысалға келтірді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән бере отырып, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыра түсу…

Read More

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні — 17-22 м/с. Қонаевта 12 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді. Қарағанды облысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман. Қызылордада түнде және…

Read More

Бүгінде отандық зығыр майы жапондардың сеніміне ие болып, олардың күнделікті рационының ажырамас бөлігіне айналған. Жапонияның зығыр майына жыл сайынғы қажеттілігі – шамамен 10 мың тонна, бұл бұған дейін жіберілген көлемнен әлдеқайда асып түседі. Сұранысты қанағаттандыру үшін «Джатеко» жақын арада отандық зығыр майының импортын жылына 3 мың тоннаға дейін арттыруды, сондай-ақ сафлор, мақта майларын жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр. Кездесудің басты тақырыптардың бірі логистика мәселесі болды. Айжан Бижанова еліміздің Азия елдерімен тұрақты тауар айналымын нығайтуды көздейтінін айтты. Ол көлік маршруттарын оңтайландыру және жапондық серіктестер үшін күту уақытын қысқарту мақсатында Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен жұмыс кеңестерін өткізуді ұсынды. Айта кету керек,…

Read More

Жалпы көлемі 96 гектар жер­ді алып жатқан аймақта қазір 7 жоба өз жұмысын бастап кетті. Мұндағы ең ауқымды әрі сәтті жүзеге асқан жобаның бірегейі – «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның «Тампонажды цемент өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны 64 млрд. теңгені құрап, 260 адам жұмыспен қамтылған. «Гежуба Шиелі Цемент ­Компаниясы» ЖШС – «DANAKE Корпорациясы» ЖШС мен қытайлық «Gezhouba Group Cement Co Ltd» компаниялары бірлесіп құрған инвестициялық жоба. Зауыт 2019 жылы сынама ретінде, 2020 жылы толық іске қосылды. Ол – еліміздегі ең жаңа технологияларға негізделген құрылғылармен жабдықталған құрылысқа қажетті портланд және тампонажды цемент шығаратын зауыттардың бірі. Зауыттың жобалық өндірістік қуаты жылына 1…

Read More

Тиісті заңға мемлекет басшысы қол қойды.Қабылданған түзетулерге сәйкес, «жұмыс берушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін, сондай-ақ «қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жеке тұлғаларға айыппұл қарастырылған. 30 есептік көрсеткіш (3 мың сом) мөлшерінде, заңды тұлғаларға — 130 есептік көрсеткіш (13 мың сом). Бұған дейін Қырғызстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернетте жала жапқаны және қорлағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Бұдан басқа, елде мемлекеттік органдар шенеуніктерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бұзғаны…

Read More

Мемлекет басшысы мұндай шешім су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жедел көмек көрсету мақсатында қабылданғанын мәлімдеген. Петро биліктің климаттың өзгеруінен туындаған проблемалармен күресіп жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, елдің көптеген аймақтары су тасқынынан қатты зардап шеккен. Колумбияның Апат қаупін басқару жөніндегі ұлттық бөлімінің (UNGRD) мәліметінше, нөсер жаңбырдан 46 мың отбасы зардап шеккен, Ла Гуажира, Хуила, Чоко, Норте де Сантандер және Каука аймақтарында төтенше жағдай жарияланған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда ел астанасы Боготаның солтүстігінде су басқан тас жолды көруге болады. Петро UNGRD су тасқынынан ең көп зардап шеккен муниципалитеттерге көмек көрсету үшін екі Ұжымдық инвестициялық қор (FIC) арқылы 2,5 миллиард колумбиялық песо…

Read More

Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, кабельдік кран салмағы шамамен 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы (конструкцияны — авт.) белгіленген жерге дәл орналастырып, көпірдің келесі жылы ашылуы мен пайдаланылуына негіз қалап, жаңа кезеңге өтті. Құрылысы 2022 жылы басталған Хуацзян шатқалының көпірі «жер шарының жыртығы» деп аталатын Хуацзян атты үлкен шатқалға салынып жатқанымен әйгілі. Бұл – Гуйчжоу өлкесіндегі Лючжи-Анлун тасжолының басқарылатын жобасы. «Ұзындығы 2 890 метрлік көпір – су бетінен тік биіктігі 625 метр болатын аспалы көпір. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі ең биік көпірге айналады», — деп жазады «Халық газеті».

Read More

Тепловозытың максималды жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайды, ол күшті қуаттылық, жел мен құмға, аязға төзімділік, экологиялық стандарттарға сәйкес және жұмыс көрсеткіштері халықаралық озық деңгейге жетті. Сондай-ақ қытайлық өндіруші локомотив кабинасының дизайнын арнайы оңтайландырды және пайдалану схемасы пайдаланушының жүргізу әдеттеріне сәйкес келеді. Тепловоз Қазақстандағы Достық стансасына желтоқсан айының ортасына дейін жетеді деп күтілуде. Қазақстан тарабы бұл тепловозды қабылдау сынақтарын өткізеді. Биылғы ақпан айында ҚТЖ Қытайдың CRRC Dalian компаниясымен 100 магистральдық жүк тепловозын сатып алу келісімшартына қол қойған. Бұл Қытай мен Қазақстан арасында теміржол транзиті саласындағы ең ірі сатып алу келісімі болып саналады. Барлық 100 тепловозынды 2026 жылы жеткізіледі деп жоспарлануда.

Read More

Мәселе жер бетін инфрақызыл сәулелер арқылы бақылауға байланысты суреттерді жіберу кезінде орын алғаны атап өтілді. – Зақымданғанына қарамастан, Химавари-9 спутнигінің басқа маңызды функциялары жұмыс істеп тұр. Спутник тайфун, қатты жаңбыр және жел сияқты табиғи апаттар туралы ескертуге қажетті ақпаратты беруді жалғастыруда, – делінген хабарламада. Елдің метеорологиялық басқармасы ақаудың себебін білмейтінін және оның қашан жөнделетінін айта алмайтынын жеткізді. Қоса кетейік, Starlink интернет спутниктерінің 200-ші партиясы орбитаға шықты.

Read More

Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті. Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық. Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Келісім жасаудағы басты мақсат — Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету. «Біз жыл басынан бері Қытай, Ресей және…

Read More