Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ
Аймақ жаңалықтары

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ

23.05.2025258 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Оған сала қызметкерлері мен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, сала жетістіктеріне тоқталды.
«Баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосқан мәдениет және өнер майталмандарының еңбегі қашанда елеулі.
Мемлекет басшымыз бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын берген еді. Өздеріңізге белгілі, Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда келесі 5-ші отырысты Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Биыл – еліміз, өңіріміз үшін тарихи мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Бұл мерейлі даталардың ел тарихында алар орны мен маңызы зор.
Мәдениетіміздің мәртебесі әрдайым жоғары болсын! Киелі «Сыр елі – жыр елінің» рухани қазынасы толыға бергей!», – деді Н.Нәлібаев.
​Салтанатты шарада үздік жетістіктері және айрықша еңбегі үшін сала қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
Қызылорда облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет қайраткері, 40 жылға жуық уақыттан бері қазақ өнерін алыс-жақын шетелдерге танытқан Медеуова Үміткүл Еменқызы «Құрмет» орденімен, Сыр өңірінің рухани-мәдени дамуына үлес қосқан жыршы-жырау Тәңірбергенов Айбек Жақсанұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Сондай-ақ, бірқатар қызметкерге облыстың ең жоғары наградасы – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы берілді.
Мерекеде дәстүрге айналған облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталып, Сыр өңіріндегі әдебиет пен өнер өкілдерінің мерейі асқақтады.
Қызылорда қаласы мен аудандардағы өнер ұжымдарына қобыз сыйға берілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері, Құрмет грамотасы және Алғыс хаты тапсырылды.
Биылғы мерекелік даталарға орай өңірде жыл бойында бірқатар ауқымды мәдени-рухани шара өтеді деп жоспарлануда.
Айта кетейік, өткен жылы өңірімізде жарияланған «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары» ел игілігіне табысталды. Бұл орталықтарда ұлтымыздың құндылықтары дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталуда. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Өнер орталығы» салынып, пайдалануға берілді. Жақында Қызылордада балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы өз жұмысын бастады. Жас ұрпақтың шығармашылығын шыңдау, қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында соңғы үш жылда 4 «Оқушылар сарайы» мен 2 «Өнер мектебі» ашылды.
Шиелі ауданынан 200 орындық «Оқушылар сарайы» мен 50 орындық «Өнер мектебі» салынуда. Сыр топырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне қызмет еткен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты демеушілікпен бой көтеруде. Облыстық тарихи-өлкетану музейі салынуда, қалалық мәдени-демалыс паркі заманауи сипатқа еніп, қайта жаңғыртудан өтуде. Аталған нысандар 1 маусым күні ел игілігіне табысталады. Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК демеушілігімен жаңадан «Достық үйінің» құрылысы басталды.
Өткен жылы алғаш рет мәдениет саласының мамандарына жаңадан көпқабатты тұрғын үй салынып, 40 қызметтік пәтер табысталды. Симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді, жыраулық дәстүр өкілдерінің отауы – «Жыраулар үйі» ашылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025429 Views

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025839 Views

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.