Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Былтыр 2,3 мыңнан астам адам тұрғын үй сертификатын алды
Басты жаңалықтар

Былтыр 2,3 мыңнан астам адам тұрғын үй сертификатын алды

23.05.2025177 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2022 жылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ы субсидияланады. Бұл жеңілдік бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы аналар, көп балалы отбасылар үшін қарастырылған. Қазір 11 мыңнан астам отбасы тұрғын үйді жалға алғаны үшін 50% төлеу бойынша мемлекеттік қолдауға ие. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.

Бұдан бөлек, мұқтаж азаматтарға әкімдіктер ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарын береді.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,6 млрд теңгенің сомасында 2,3 мыңнан астам тұрғын үй сертификаттары берілді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әкімдіктермен жалпы сомасы 580 млн теңге сомасына 522 сертификат берілді. Сондай-ақ кезекте тұрғандарға 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша жеңілдікті займдар беріледі. 2% мөлшерлемесі бойынша займ кезекте тұрғандардың төрт санатына беріледі. Бұлар: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар және жетім балалар», – деді Министрлік өкілі.

Осылайша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдық 2%-бен 3 859 жеңілдетілген займ берілді. Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша тұрғын үй сатып алуға 967 займ берілді.

Сонымен қатар, өткен жылы 5% мөлшерлеме бойынша 5 145 несие берілді. Жыл басынан бері 1 255 азамат жеңілдікті несие алды. Аталған жеңілдікті қарыздар халыққа «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс банкі арқылы беріледі. Қосымша, өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін  -7%, азаматтардың қалған санаттары үшін 9%-дық мөлшерлемемен «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама бойынша жыл сайын 12 мың қарыз беріледі. Ағымдағы жылдың төрт айында «Наурыз» бағдарламасын 1,5 мыңнан астам азамат пайдаланған. Олардың 1 мыңға жуығы – жұмысшы мамандық өкілдері.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.20263 674 Views

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026784 Views

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026515 Views
Соңғы жаңалықтар

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.2026

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

18.11.2026

Жолаушылар жолақысын төлеуден неге жалтарады?

18.11.2026

Мемлекет басшысы Ұлттық мерекеге орай Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

18.11.2026

КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

14.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.