Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚЫН ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚЫН ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

04.06.2025212 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр» атты шығармашылық кеші өтті. Кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым тамашалады.
Аймақ басшысы қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақынның шығармашылығына, бүгінгі кештің рухани маңыздылығына тоқталды.
«Биыл наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы деп білеміз. Бүгінгі шығармашылық кеш – осы атаулы датаға арналған шаралардың бірегейі. Ойлы да сыршыл, қиялы ұшқыр, лирик ақын Ұлықбек Есдәулет – тарих тереңіне бойлап, тамырын қаламмен аршып, ұлт мұрасын биік көтерген ерекше дарын иесі.
Сізді Сыр төріндегі шығармашылық кешіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламыңыздан қуат кетпесін! Шабытыңыз шарықтай бергей! Деніңізге саулық, отбасыңызға құт-береке, амандық тілеймін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кеште ақынның сөзіне жазылған танымал әндер орындалды. Олардың арасында Т.Мұхамеджановтың «Ақ желкен», «Беу, балалық» және И.Крутойдың «Ақ бесік» туындылары өнерсүйер қауымның көңілінен шықты.
Қызылорда облысының құрметті азаматы, ақын Шәкизада Әбдікәрімов және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс ақынға жылы лебіздерін білдірді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202677 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.