Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Жаңақорған ауданының «Бесарық» ауылында 375 орындық бастауыш сыныпқа арналған қосымша оқу ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты жиында жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары болды. Шахмардан Асқарұлы жиналған жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсаған асқақ арманы. Азаттық пен елдік, береке мен бірлік — қай халықтың да алтынға айырбастамас асылы! Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында Сыр өңірінде ауқымды жобалар іске асуда. Облыс әкімінің бастамасымен биыл білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге жетіп, аймақ бюджетінің 42,5 пайызын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артық. Бүгін міне,…
Автор: un_admin
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ұлық мерекесімен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерге тоқталды. «Баршаңызды бірлігіміздің бастауы болған мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мерейлі мерекеде Жаңақорған кентіндегі жаңа «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» салтанатты ашылуына жиналдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деген болатын. Білім саласының бюджеті 264…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Жаңақорған ауданының «Төменарық» ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухананың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. «Егемен ел болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт әрі үлкен жауапкершілік. Ұлтымыздың қасиетті де қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнінде «Төменарық» ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсек-орынға арналған жаңа ауылдық аурухананы ел игілігіне табыстаудамыз. Облысымыздың бюджеті екі жарым жылда 206 пайызға ұлғайып, 750 млрд. теңгеден асты. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Шиелі ауданының «Тартоғай» және «Алмалы» ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды. Салтанатты жиындарға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, жаңа нысандардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. «Баршаңызды еліміз үшін айтулы мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Ұлтымыздың қасиетті де қастерлі мерекесі күні «Тартоғай», «Алмалы» ауылдарында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияны ел игілігіне табыстауға жиналдық. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында аймағымыз байыпты бастамалар мен жасампаз жобалардың ордасына айналуда. Өткен 11 айдың қорытындысына қарасақ, өңіріміз…
Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы. Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысын игеру, құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, жылу маусымының барысы, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі талқыланған жиын өтті. Басқосуға қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты. Аймақ басшысы осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып, межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатынын ескертті. «Жыл соңына дейін бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет. Биыл аяқталатын құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Бірінші әрі басты талап — сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек. Жылу беруде ешқандай кедергі туындамауы тиіс. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қамтамасыз етіңіздер. Аудан,…
Бүгін «Үстел теннисі орталығында» Тәуелсіздік күніне орай теннистен Қызылорда облысы әкімінің кубогына арналған облыстық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық үстел теннисі федерациясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев арнайы қатысты. Шахмардан Асқарұлы спорт саласының жыл көлеміндегі жетістіктеріне тоқталып, қатысушыларға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді. Абзал Ералиев теннистің жастар арасындағы даму қарқынын, алдағы уақытта теннис клубы ашылатынын тілге тиек етті. Аталған облыстық біріншілік екінші рет ұйымдастырылуда. Байрақты бәсекеге 7 ауданнан 150-ге жуық спортшы қатысуда. Үздіктерге облыс әкімінің арнайы кубогы табысталады. Айта кету керек, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, аймақ басшысының бастамасымен Сыр өңірінде заманауи үлгіде…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барды. Тәуелсіздік күні қарсаңында Тереңөзек кентінде аймақ басшысының қатысуымен әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 140 пәтерлік 70 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтады. «Бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышында, пәтер кілтін табыстау рәсімінде бас қостық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік…
Қызылорда облысы, 13 желтоқсан. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық конкурс қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және тағы басқалар қатысты. Өз сөзінде Ерлан Қошанов осы күні халықтың шамамен 40%-ы ауылдық жерлерде тұратынын, сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту және әл-ауқатын арттыру мәселесіне ерекше назар аударғанын атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «AMANAT» партиясы ел игілігі үшін белсенді жұмыс істеп жатқан «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Биыл біздің партия жобаға қатысушылар арасындағы…
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық көпбейінді ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиынға салалық министрліктің өкілдері, өңірдегі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мәжілісті жүргізіп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесіне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейін ең бірінші «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Елімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Биыл облыстың медицина саласына 146 млрд. 200 млн. теңге қаржы бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен 11 айдың қорытындысымен негізгі көрсеткіштерде…