Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті
Жаңалықтар

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025100 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанға жаңа керқұландар тобы әкелінді. Бұл — «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жаңа керқұландар тобы (төрт жылқы) Прага хайуанаттар бағы мен мажар Hortobágy ұлттық паркінен әкелінді. Жануарлар «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығындағы кең қашаларда бір жыл ұсталады да, кейін жабайы табиғатқа жіберіледі. Орталықта жылқыларды жайғастыратын қажетті инфрақұрылым мен күтіп қарайтын мамандар бар.

«Қазақстандағы биоәралуандықты сақтау жұмысының жетекші органы ретінде табиғатымызды қалпына келтірудегі осындай маңызды кезеңді басқару — біз үшін асқан құрмет. Бір жылдық жұмыстың керемет нәтижесі — екінші топ керқұландар аман-есен келіп жетті, ал бірінші топ әбден көндігіп, «Алтын Дала» мемлекеттік резерватының инспекторларының қорғауымен жабайы табиғат тіршілігіне толық дайын», — дейді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.

Осымен Прага хайуанаттар бағы Чехия әскерімен серіктестікте керқұландарды Орталық Еуропадан Қазақстанға екінші рет тасымалдап отыр.

«Еуропалық хайуанаттар бақтары мен асыл тұқымдыларды өсіретін орталықтардан келген бұл жылқылар жабайы табиғатта жергілікті популяция құруға негіз болады. Тіршілікке бейімді әрі генетикалық алуан түрлі популяция қалыптаспайынша, алдағы жылдары осы күрделі жобаны жалғастыруға барынша тырысамыз», — дейді Прага хайуанаттар бағының директоры Мирослав Бобек.

Керқұлан (Кертағы) — әлемдегі жабайы жылқылардың ақырғы түрі. Ол XX ғасырдың ортасына қарай жабайы табиғаттан құрып кетті. Содан бері түрді қалпына келтіру бағдарламаларына зоопаркілерде сақталған бүкіл керқұланның үлесі тиді.  Қазақстанда жабайы жылқыларды қалпына келтіру жобасы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен, АСБК-мен, Франкфурт зоология қоғамымен, Нюрнберг зоопаркімен, Берлин зоопаркі және Берлин жануарлар паркі бірлескен Tierpark Берлинмен, Hortobágy ұлттық паркімен серіктестікте 2024 жылы басталды. Жабайы жылқыларды Қазақстанға қайта жерсіндіру жұмысы бұдан бұрын жануарлардың Прага зоопаркінен Моңғолиядағы мекеніне сәтті қайтарылған тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асады.

Бірінші топ 7 бас керқұлан Қазақстанға 2024 жылғы маусымда келді. Орталықтың мамандары мен мал дәрігерлері жыл бойы жылқыларды бақылады. Жануарлар алғаш рет Торғай даласындағы -30 °C аязды қысын аман-есен қыстап шықты, үйренді, қажетті ветеринарлық тексерулерден өтті. Умбре мен Веспе деген екі биеге жануарларды босатқаннан кейін қозғалысын бақылайтын GPS-қарғыбауы тағылды. Босатылған жылқыларды қорғау және бақылау жұмысын мемлекеттік инспекторлар мен АСБК қызметкерлері орындайды.

«Керқұландардың алғаш тобын Орталық Қазақстанның жабайы табиғатына жіберу — түрді тарихи мекеніне қайтару жобасын іске асырудағы маңызды қадам. Реинтродукция орталығында жыл бойы күтіп қаралған жануарлар — мамандар мен мал дәрігерлері командасының атқарған тиімді жұмысының нәтижесі», — дейді АСБК атқарушы директоры Вера Воронова.

2029 жылға дейін Торғай даласына жануарлардың одан әрі көбейіп, тұрақты популяция түзуіне жетерліктей 40–45 бас жылқы әкелу жоспарда. Қостанай облысының оңтүстігіндегі «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты жайылым жері жақсы, суы бар болғандықтан жерсіндіру орны боп таңдалды. Жабайы табиғатқа жібергеннен кейін жылқылардың қауіпсіздігін мемлекеттік инспекторлар қамтамасыз етеді.

Жылқылар мен құландар секілді ірі тұяқтылардың дала экожүйелерінің қалыпты жұмысына тигізетін пайдасы орасан зор. Олар алыс арақашықтықта өсімдік жамылғысын ретке келтіріп, топырақтың құнарлануына ықпал етеді. Өсімдік биомассасын азайту арқылы өрт қаупін де төмендетеді, олардың көңі мен қалдығы — омыртқасыздардың көптеген түрлеріне ресурс. Бұл жануарлардың маусымдық қоныс аударуы экожүйелердегі шалғай аумақтарды өзара жалғайды. Қыста олар өзге де түрлердің тіршілігін жеңілдетеді — суға апаратын жол салады, қалың қарды таптап, астынан жем-шөп алып жеуін ықшамдап қояды. Қоректік тізбек қатарына кіретін тұяқтылар жыртқыштар мен өлексе жегіштерге азық.

Анықтама:

Пржевальский жылқысы (Equus przewalskii Poljakov) 2021 жылы Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізіміне енді. Бұдан бөлек Пржевальский жылқысы Халықаралық жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төніп тұрған түрлерін саудаға салу туралы конвенцияның (СИТЕС) II Қосымшасына кіреді.

Керқұландарды босататын жер ретінде Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының даласы таңдалды. Резерват 2012 жылы құрылды, жалпы ауданы — 489 766 га. Орталық «Алтын дала» табиғат қорғау бастамасының аясында құрылды, басқарушы ұйым — Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК). Орталықта 2017 жылдан бері мамандар мен инфрақұрылым арқасында құланды жерсіндіру жұмыстары сәтті жүріп жатыр.

Пржевальский жылқысын бұрынғы мекеніне қайтару жобасы аясындағы партнёр ұйымдар — ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, Прага зоопаркі, АСБК, Франкфурт зоология қоғамы, Нюрнберг зоопаркі, Tierpark Berlin, Hortobágy ұлттық паркі. 2023 жылғы 28 ақпанда партнёрлер Мәмілеге келу меморандумына қол қойған. Ол құжатта алдағы 4–5 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан кем дегенде 40 жабайы жылқыны бұрынғы мекеніне қайтару міндеттері жазылған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025206 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.