Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 10 жылда айтарлықтай жақсарды
Денсаулық

Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 10 жылда айтарлықтай жақсарды

17.07.2025348 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан – Орталық Азия аймағында және посткеңестік кеңістікте туберкулезге қарсы барлық іс-шараны мемлекеттік қаражат есебінен жүргізетін жалғыз ел. Осылайша, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының басшысы Мәлік Әденов мәлімдеді.

Спикер соңғы 10 жылда елдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Осы уақытта оның таралу деңгейі 52%-ға төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші 75,6%-ға азайды. Пациенттердің белсенді контингенті 56%-ға төмендеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 8092 туберкулезбен ауыратын науқас есепте тұр. «Паллиативті» деп аталатын топтағы пациенттердің саны 82,1%-ға азайды. Алты айдың қорытындысы бойынша 89 пациент есепте тұр. Қазақстанның алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелерінде туберкулезді диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілді. Бұл технологиялар аурудың болуын және туберкулез микобактерияларының дәрілік сезімталдығын екі сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді.

«Gene Xpert деп аталатын мұндай зерттеу МСАК желісі деңгейінде қолжетімді және аудандық деңгейде мүлдем тегін. Бүгінде республика бойынша 148 аппарат бар», – деді Мәлік Аденов.

Сонымен қатар еліміздің барлық облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында заманауи жабдықтары бар бактериологиялық зертханалар жұмыс істейді. Мұнда дәрілік сезімталдықтың барлық спектрін анықтауға және пациенттерге ең тиімді емдеуді тағайындауға болады. Флюорографиялық скринингтердің тиімділігі 100 мың тексерілгенге 2,4 жағдайды құрады. Елімізде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін 455 фтизиатр кабинеті және бақыланатын ем жүргізу үшін 2564 кабинет жұмыс істейді. Емнің амбулаториялық кезеңінде алты айдың қорытындысы бойынша 5955 пациент бар, олардың 37%-ы ем-домды онлайн режимінде алады.

Бұдан бөлек, Қазақстанда туберкулез инфекциясы мен туберкулезді диагностикалау үшін мынадай әдістер қолданылады: Манту сынамасы, АТР (туберкулез рекомбинантты аллергені бар сынама — Диаскинтест) және квантиферон сынағы (IGRA сынағы).

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025558 Views

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025225 Views

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025271 Views
Соңғы жаңалықтар

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

17.11.2025

Қазгидромет: биылғы қыс жайлы болады

17.11.2025

Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

17.11.2025

Премьер-министр Президенттің медицинадағы озық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

17.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.